Нәтиже күтуге болатын адамның 10 қасиеті

Нәтиже күтуге болатын адамның 10 қасиеті

Жұмыста қандай да бір жетістікке жету үшін ширақ әрі еңбекқор болуымыз керек. Немесе бастығыңыздың «бол, болы» мен таңғы кофесіз де өнімді еңбек ете аласыз ба? Forbes өнімділікті арттыруға көмектесетін 10 кеңесін ұсынған екен.  

Интернет заманында өмір сүріп жатырмыз. Технологиялық ағымына ілесіп отыру үшін тер төгуіңіз керек. Өнімді еңбек күні – эйфорияның ерекше бір түрі мен қанған ұйқы болса керек. Жобалау басшысы және жұмыс өнімділігін арттыру мәселесімен айналысатын маман Тон Вонг (Tony Wong) өнімді болуға көмектесетін ақыл-кеңестерін айтады.

  • Жасалатын жұмысты екіге қақ бөліңіз. Жұмыс күнінің соңғы минутына дейін бәрін үлгеру керек деген принцип сіздің 8 сағат бойы жұмыс жасауыңыз керек дегенді білдірмейді. Жұмыс тізіміңізді маңыздылығына байланысты жасаңыз. Сосын бар назарыңызды салып, сапаға жұмыс жасаңыз.
  • Үзіліс жасаңыз. Бірнеше сағаттық тоқтаусыз жұмыстан кейінгі бас ауру – бұл заңды құбылыс. Мидың әрмен қарай шыдамайтынының белгісі осы. Екінші дем – ағзаңызға қайтып келеді, қорықпаңыз. Серуендеп, ас ішіп, ештеме ойламай тынығыңыз. Кішігірім демалыстан кейін өнімділігіңіз одан бетер артатынына сеніңіз.
  • Парето заңын есіңізде ұстаңыз – «20% жұмыс 80% нәтиже береді, ал қалған 80% – 20% ғана нәтиже». Жұмысқа кедергі болатын нәрсенің барлығын да елемегеніңіз абзал. Атқарылатын жұмыстарыңызды бірнеше бөлікке бөлуіңіз керек те, сол кішігірім бөліктермен жұмыс жасаңыз. Бұл істі Парето заңына қол жеткізбегенше тоқтатпаңыз.
  • Таң – жұмыстың емес, өзіңіздің жекелігіңіз екенін ұмытпаңыз. Ояна сала күнтізбе мен электронды поштаңызды тексеру немесе әлеуметтік желіні ақтарып шығудың қажеті жоқ. Егер дәл осындай әдетіңіз болса өз өнімділігіңізді жерлегеніңіз. Таң – бұл күш. Таңғы асыңызды асықпай ішіп, ұнаған әніңізді тыңдап, дене жаттығуын жасаңыз. Бұл өткелі тұрған күніңіздің өнімді болатынының алғашқы қадамы.
  • Ең ауыр жұмысты түске дейін бітіріңіз. Бұл сіздің жұмыс өнімділігіңіздің таң уақытында жақсы қызмет атқаратынын көрсетеді. Ал қалғаны түстен кейін жасалуы ләзім. Ал егер де жұмыс күніңіз қауырт болып, үлгермей жатсаңыз таң уақытында жұмсалатын энергияңызды үнемдеп, кешкі уақытқа дейін сақтаңыз.
  • Email-кеңістік жасап алыңыз. Электронды пошта – бұл сіздің уақытыңызды өлтіретін қақпан. Мәселен, көп адамға бірдей жіберілетін хаттарды бір ғана батырмамен шешу – еріншектігіңіздің дәлелі. Оның орнына жіберген хатыңызға адресатыңыздың назар салуына мүмкіндігінше жағдай жасаңыз.
  • Жүйе жасау. Сіз бұған дейін де осы тектес мақалаларды оқып, кеңестерді тәжірибеде қолданып жүрген шығарсыз. Кеңестердің тәжірибеден кейін қандай нәтиже бергенін салмақтап алып, олардың керісінше, өнімділігіңізді азайтып жатпағанына көз жеткізіңіз.
  • Жалқаулық пен өнімділікті шатастырмаңыз. Адамдар көбінде жұмысты оңай жолмен шешемін деп өз-өздерін алдап жатады. Мүмкіндігінше қиын әрі нәтижесі мол болатын жұмысты атқаруға тырысыңыз. Қиын жұмысты бітірген соң сіз үшін барлығы да оңай болады.
  • Бір уақытта бірнеше іспен айналысудың қажеті жоқ. Мамандардың айтуынша, бірнеше іспен айналысып, бірінен біріне көшіп отыру зиян екен. Нағыз өнімді жұмыс бұл – нақты бір істің соңына дейін сапалы орындалуы.
  • Ең оңай тәсілді соңына қалдырдық – табиғи заттармен қоректеніп, жақын болса жұмысыңызға жаяу барып көріңіз.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: forbes.com

А. Құлтай