Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Сүйіктіңізді әрдайым қолдаңыз

Сүйіктіңізді әрдайым қолдаңыз

Сүйіктіңізді әрдайым қолдаңыз

Көп адамның өмірінде бір рет болмасын ғашықтар туралы фильмдер көріп немесе роман, жырларды оқып, сезімнің шырмауына түскені анық. Оқып жүрген шығармаларымызда ғашықтар бір-біріне қосылмаса да, оттай лаулаған сезімдеріне қайран қалуға болады. Ал біз сүріп жатқан өмірде сәл өзгешелеу. Бұнда ғашықтар сүйгеніне қосылса да, өкінішке орай, сезімдерін суытып алып жатады.

Біз үшін жағымсыз болып есептелетін дүниелердің тек басымызда ғана өмір сүретінін білесіз бе? Біреуге ренжіп қалған жағдайда іштей сараптап, өзімізбен диалог жүргізіп, нәтижесінде мінез-құлқымызға өзгеріс енгіземіз. Мінезімізбен қатар оған деген қарым-қатынасымызды да өзгертеміз. Барлығын ашып сөйлесудің орнына «шын мәнінде не ойлайтындығыңды айтпа», «ол сені алдап жүр» деген ішкі дауыстарға сенеміз. Бұл ойлар кей жағдайда ғана қорғаныс қызметін атқаруы мүмкін, қалған уақытта керісінше.

Уақыт өте келе бұл сезімдерді тоқтатқан дұрыс сияқты көрінеді. Біз өмір бойы өзгеріп, өзімізді дамыта аламыз. Бұл махаббат мәселесіне де байланысты. Олай болса, өз сезімдерімізді көрсетуге көмектесетін 5 әдісті ұсынамыз:

1. Іштегі сезіміңізді жасырмаңыз, оны сөзбен де жеткізе біліңіз

«Мен сені сүйемін» деп айту қазақы ұяңдығымызға жат болғандықтан, ол сөздерді сүйіктілерімізден сирек естиміз. Оны айтқан жағдайда тіліміз күрмеліп, өзімізді ақымақ адамша сезінуіміз де ғажап емес. Бұл қадамды жасау қиын болса да, оның сезімдерді сақтап қалуға септігін тигізетіндігін ұмытпаңыз.

Ішіміздегі сыншылық қабілетіміз сырымызды жасыруды талап етіп, өзгелерді бізді жақсылап тану мүмкіндігінен айырамыз. Мұнымен қатар сүйіктімізбен бірге болып, жан-дүниесін түсіну мүмкіндігін жіберіп аламыз. Сол себепті өзіңізге жақын адамдарға сезімдеріңіз жайында айтудан қысылмаңыз.


2. Есептесуден аулақ болыңыз

Ғашықтар есептесе бастаған кезде, жүректері де бір-бірінен алыстай береді. «Сен маған былай жасасаң, мен саған осылай жасаймын» сынды сөздер әдетке айналып кетуі мүмкін. Көп кешікпей «Екеуімізге қажет дүниені неге мен ғана жасауым керек?» немесе «Неге маған уақыт бөлмейді?» сынды ұғымдардың аясында қалып қоюыңыз да ғажап емес. Сол себепті өзіңізге тиер пайданы ойламастан, сүйіктіңізді қуанта біліңіз. Басқаша айтқанда қайтарымына еш нәрсені талап етпейтін жақсылықтар жасаңыз. Сүйіктіңіздің қуанышы сіздің де қуанышыңыз. Көп уақыт өтпей сүйіктіңіз сізге еліктеп жақсылық жасауға ұмтылады. (Кек ең ыстық деген сезімдерді суыта алатындығын ұмытпаңыз).


3. Сүйіктіңізді қолдаңыз

Оның қызығушылығына қызықпасаңыз да, әрдайым көмек көрсетіп, қолдап отырыңыз. Сүйіктіңізден не нәрсеге қызығатындығын, не үшін қуанатынын, өмірдің мәні деп нені ұғатындығын сұраңыз. Бұл араларыңызда байланыс орнатып ғана қоймай, дүниетанымыңызды кеңейтеді. Алайда бұның барлығы өз қызығушылықтарыңыздан бас тартыңыз деген сөз емес.


4. Сүйіктіңіздің барлық әрекеті махаббаттың әсерінен болып жатыр деп түсініңіз

Сүйіктіңіздің сіз ойлағандай әрекет жасамауын сізді сүймегендігінен деп түсінбеңіз. Бұның барлығын сезімдердің жетегінде жүргендіктен жасайды. Кинотеатрға барып шет елдік фильмдерді қарағанша, Алматының әсем саябақтарында жүріп сіздің әңгімелеріңізді естігісі келетін шығар. Мүмкін қыдырғысы келмейтіндігі сізбен ғана болғысы келетіндіктен болар. Бұдан өзге ауырып қалған кезде қамқорлық танытып, сүйікті асын дайындап беру арқылы сезімдеріңізді нығайтуға болады.


5. Үнсіз қалмаңыз

Ғашықтардың сезімі ұлғайған сайын араларында қорғаныс қабаты түзіле бастайды. Уақыт өткен сайын үнсіз қаламыз. Артынша сыншылық қасиетімізді оятып, оның жағымсыз әдеттерін тізімдей бастаймыз немесе қателіктерін бұрынғыдан да көбірек байқай бастаймыз. Қорықсақ та, сезімдерді сақтап қалуға тырысу керек.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 16 қаңтар 2014, 14:58
Пікірлер
+0
16 қаңтар 2014, 17:01

Дұрыс айтасың Қарлыға, бастысы ол кісілерді қолдау және тек оныкы екеніңді әрдайым түсіндіріп оның басшы екенін білдіріп отыру керек

+0
16 қаңтар 2014, 17:15

Негізі қыздарға да, ұлдарға да арналан материал еді :evil:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.