Кеңседегі әріптестеріңіздің кім екенін білесіз бе?

Кеңседегі әріптестеріңіздің кім екенін білесіз бе?

Көп уақытын жұмыста өткізетіндер мінездері бір-біріне ұқсамайтын адамдармен сөйлесуге мәжбүр болады. Дәл осындай жағдай кеңсе қызметкерлерінің арасында да кездеседі. Психолог мамандар кеңсе қызметкерлерін 5 топқа бөлуді ұсынады. Төменде аталатын топтардың барлығы психология ғылымында қамтылған.

1. Сындырушы

Бұл типке жататын қызметкерлерді бірден тануға болады. Олар жетістікке жету үшін туған анасын сатып кетуге дайын. Алайда жасаған істерінен үнемі оң нәтиже ала бермейді. Мінездерінде тұрақтылықтың бар екендігіне қарамастан, олармен тіл табысу қиын. Кез келген сайыста жеке болуды ұнатады. Мұндай адамдарға бағынған дұрыс секілді болып көрінгенмен, зерттеулер өзге нәтижені көрсетіп отыр. Олардың жанында әлсіз тұстарды жасырып, өзіңіздің мықты маман екендігіңізді көрсете білуіңіз керек. Сындырушы қызметкерді пайдаланып немесе жиналыстарда одан ақылды екендігіңізді көрсетуге тырыспаңыз. Көпшіліктің алдында жеңіске жеткеніңізге күле қарағанымен, артынша сізге қарымтасын қайтарады.

2. Қамқоршы ана

Кеңседе үнемі қолына кесесін ұстап, жылы қабақ танытатын жандарды кездестіруге болады. Дәл осыларды қамқоршы аналар деп айту керек. Әдетте хатшы, әкімшілік қызметтерде ұзақ жылдар бойы отырады. Өзі бірінші болып әңгіме бастамағанымен, кеңседегі бар өсек-аяңды жақсы біледі. Бұлар эмоциясы тұрақты әрі экстраверт адамдар. Яғни, жаздай жадырай білетін ашық-жарқын тұлғалар. Өздеріне осы қасиеттері ұнайды әрі барлығымен де тіл табыса алады. Бұндай адамдармен тіл табысу да, қатар отырып шыны-аяқ кофе ішуде өте оңай. Алайда бұрыннан қалыптасып келе жатқан тәртіпті жаңадан келген қызметкердің өзгерткенін көтере алмайды.

3. Ақсүйек ханшайым немесе ханзада

Бұл топқа жататын қызметкерлер мерекелік отырыстарды алдын ала ойластырып, жұмыстан кейін қонаққа шақыруы мүмкін. Кеңсеге жақын орналасқан мейрамханалар мен дәмханалардың барлығын біледі. Жұмысты дұрыс орындай алмайтындығына қарамастан, кеңсе қызметкерлерінің барлығы оны жақсы көреді. Олар өздері ұйымдастырып отырған жиын-тойға сіздің келуіңіз үшін барлығын жасайды. Көңілдерін 5 минуттың ішінде көтеруге болады. Бір қызығы, көңіл көтеретін достары жұмыстағы немесе бұрын жұмыс істеген жеріндегі адамдар ғана. Олардың ұсынысын қабылдауға тырысу керек.

4. «Бернард сағаты» фильміндегі жігіт

Бұл телехикая 1990 жылдары шыққан болатын. Бас кейіпкерді сомдайтын бала қалта сағаттарының көмегімен уақытты тежей алады. (Кеңсе қызметкерлерінің барлығы да осындай болғысы келетіні анық). Осы типке жататын қызметкерлер кеңсеге бірінші келіп, бар күш-жігерін сарқыған соң спорт залына барып жаттығу жасауы, оқу мен жұмысты немесе екі жұмысты қатар алып жүруі мүмкін. Қарасаңыз, көркіне көз тоймайды. Бір уақыттың ішінде мыңдаған жерлерді шарлайды. Энергияға толы әрі бағыт-бағдары бар. Мәселені бірден түсінгенімен, детальдарына үңіле бермейді. Олармен бірлесіп жұмыс істеу оңай. Бұлар уақыттың қадірін білетін адамдар болғандықтан, еш уақытта күттіріп қоюға болмайды.

5. Жаңашылдықты ұнататын қызметкерлер

Бірнеше гаджеттерді қатар пайдаланады. Шаштарын үнемі май басып, үстел үстінде заттары да шашылып жатады. Адамгершіліктерінің аз болғандығына қарамастан, ашық жарқын, қарым-қатынасқа жылдам түседі. Ішіне жасырған сыры жоқ. Жұмыс орнының өзгелерден жырақта орналасуын қалайды. Командалық жарыстарда көзге түсе біледі. Егер сіз бастық болсаңыз, бұндай қызметкерлеріңізге бір айлық тегін кофе ұсынуыңызға болады. Тек олардың шабытына кедергі келтірмеңіз.

Сіз жоғарыдағы типтердің қайсысына жатасыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: jimjoy.ru

Қ. Бүйенбай