Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Қолтаңбаға қарап мінезді анықтау

Қолтаңбаға қарап мінезді анықтау

Қолтаңбаға қарап мінезді анықтау

1. Қолтаңбаның үлкендігі

А) кең құлаштылық – ауқымды мәселелерді ғана ойлап, оларды талдағанды жақсы көреді;

Ә) шағын – деректі ұғымдардың аясында ғана ойлайды.

2. Қолтаңбасының ұзақтығы

А) барынша созылыңқы – мәселелерді тереңінен ойлайды. Жақын немесе бейтаныс адамдардың ісіне рұқсатсыз араласқанды жақсы көреді;

Ә) қысқа – мәселенің төркінін бірден анықтайды. Бір іспен ұзақ айналысқанды ұната бермейді.

3. Қолтаңбасының түрі

А) дөңгелек – жұмсақ, мінезі жібектей, аса мейірімді, салмақты;

Ә) әріптерінің бұрыштары үшкір – шыдамсыздық, қатаңдық, тәуелсіздік, қыңырлық.

4. Әріптерінің ара-қашықтығы

А) әріптер бір-бірінен алыс орналасса, ысырапшыл, бірақ қолда барын өзгеден аямайды;

Ә) әріптері бір-біріне тығыз орналасса – үнемшіл, сараң (әсіресе, әріптер кішкене болса).

5. Қолтаңбаны қоюдағы қосымша элементтер

А) дөңгелек – идеялар мен шешілмеген мәселелердің аясында қалып қою;

Ә) ирек сызықтар – қыңырлық пен байқағыштық;

Б) суреттер – шығармашылық қабілет.

6. Қолтаңбаның қағаз бетінде орналасуы

А) сол жаққа еңкейіңкі – өз-өзін өзгелерге таныта білетін және қоғамдағы пікірлермен келісе бермейтін адам;

Ә) оң жаққа еңкейіңкі – барлығына түсіністікпен қарау, мінездің тұрақтылығы;

Б) әріптер тік орналасса – ұстамдылық, ақыл, қайтпас қайсарлық;

В) Қолтаңбаны әр кез әр түрлі бағытта қоятындар – тұрақсыздық пен зымияндық;

Г) жатыңқы орналасқан әріптер – маңызды психологиялық ауытқуларды білдіреді.

7. Қолтаңбаның бағыты

А) жоғары – оптимизм;

Ә) төмен – пессимизм;

Б) біркелкі – тұрақты мінез.

8. Соңғы таңбаның ұзақтығы

А) соңғы таңбаның қысқалығы талғамсыздықты көрсетсе, керісінше ұзарта түсетін адамдар байқампаз, жан-жағын үнемі бақылап жүретін жандар.

9. Қолтаңбаның астын сызу

А) төменгі бөлігін – кекшілдік, өзін-өзі жақсы көру, өзгелердің пікіріне тәуелділік;

Ә) жоғарғы бөлігі – мақтаншақтық, атақ-абыройды сүю.

Б) қолтаңбаның өзін сызу – өз-өзіне көңілі толмаушылық.

10. Симметрия

А) симметриялы – адалдық;

Б) симметрияға мән бермеу – тұрақсыздық,

11. Күрделілігі мен қарапайымдылығы

А) қарапайым – бұл адам «менде қиыншылықтар жоқ» ұстанымымен өмір сүреді;

Ә) күрделі – түймедейді түйедей етуге құмар жандар;

Б) ерекше – шығармашылық белсенділігі зор.

12. Түсініктілігі

Қолтаңбасы түсініктірек болған сайын, ол адамның мінезі ашық жарқын келеді.

13. Қаламды  ұстауы

А) тым қатты ұстап жазатындар – ашуланшақ;

Ә) солғын – құпиялылық;

Б) қатты батырып жазу – өзіне деген сенімділік.

Ал Сіздің қолтаңбаңыз қандай?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fakt.kg

10
Рейтинг: +7

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 31 желтоқсан 2013, 16:48
Пікірлер
+0
31 желтоқсан 2013, 17:58

Менің қолтаңбам http://cs617827.vk.me/v617827813/d9b/2fzIvyzt1Pw.jpg , если что автограф берем, келіңдер :?:

+0
31 желтоқсан 2013, 20:09

қолтаңбам өте қысқа және оған бас қатырмаймын :)

+0
31 желтоқсан 2013, 20:21

Мен әлі де дұрыс қолтаңба таңдаған жоқпын. Бірақ, менің қолтаңбам өте қысқа әрі белгілі бір сыр мен әріптерді меңзеп тұратын

+0
31 желтоқсан 2013, 22:28

Отирик шимайлай саламын дурыстап ойлану керек кандай квлуга болады деп

+0
01 қаңтар 2014, 01:49

сәйкес келді :)

+0
01 қаңтар 2014, 11:20

Менің қолтаңбам өте қысқа емес,өте ұзын емес,орташа.Және жоғары кетеді,әріптерімнің басы үшкірлеу келеді)))

+0
01 қаңтар 2014, 14:20

мәселенің төркінін бірден анықтайды. Бір іспен ұзақ айналысқанды ұната бермейді.жұмсақ, мінезі жібектей, аса мейірімді, салмақты;барлығына түсіністікпен қарау, мінездің тұрақтылығы;тұрақты мінез; өзіне деген сенімділік. осы екен менің сипаттамам ;)

+0
01 қаңтар 2014, 19:52

менікі сурет секілді. Бірақ, не құпиясы барын өзім түсінемін. мақтанғаным емес, менікіне көп адам қызығады және әр емтихан сайын отырған комиссия мүшесі "Түуу!" деп қалатыны бар. Шығармашыл екенмін, оны білемін :arrow:

+0
02 қаңтар 2014, 00:00

Жалпы, 80 пайызы сәйкес келді деуге болады

+0
19 желтоқсан 2016, 22:36

сәйкес келеді) Қарлыға Буйенбай размет

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.