Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Өзгенің дегенімен жүрме...

Өзгенің дегенімен жүрме...

Өзгенің дегенімен жүрме...

Қоғам болған соң, адам баласы өзінде жоқты өзгеден алуға тырысады, алыс-беріс айналымына еніп кетеді. Ал кейбір адамдар бізден әлдене айтуымызды, әлдеқандай іс жасауымызды, тіпті әлдеқалай ойлауымызды күтеді.Кейбіреулер бұл туралы сізге ашық айтса, ал тағы біреулері бізді өз дегенімен жүргізіп қойғысы келеді. Түсінікті тілмен айтқанда мұның аты – манипуляция. Ал бізге түсінікті болуы үшін мұндай адамдарды М деп атайық.

Мұндай адамдар өзінің дегенін істету үшін түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Оның алдында адамдар «жоқ» деуге батылы бармайды, қарсы шығуға ұялады, абыройын ойлайды, тіпті оның алдында өзін айыпты санайды. Ол өзінің құрбандығына сөзін өткізу үшін, оның ең бір әлсіз тұсына «соққы» жасайды. Бірақ бір қызығы, М-дер өзінің нәтижеге жетуі үшін жасап жатқан арнайы айла-амал екендігін сезбеуі де мүмкін.

М-ді тану өте оңай екен. Және олар өте көп! Олар біздің айналамызда! Қандай да бір жағдайда не істеуіңіз керектігін құлағыңызға сыбырлағандай болып айтатын адам – біздің ең жақын досымыз я туысқанымыз, тіпті болмаса М ретінде кішкентай балақай да болуы мүмкін. Бірге анықтайық!

Өз әлсіздіктерін паш ету

Дәл осындай әдіс арқылы көбінде жасы егде тартқан адамдар: әжелер мен ақсақалдар дегеніне жетеді. Бәрімізге де белгілі, жасы үлкен адамдардың денсаулығы сыр бере бастайды. Қысымы көтеріледі, жүрегі қысылады, бас ауыруы мүмкін және тағы да басқа қиындықтар тууы мүмкін. Және бұл сізге ойыншық емес! Өкінішке орай, кейбір егде кісілер өз дегеніне жете алмай жатса осы айланы қолданып жүр. Олар туралы ойлап, аяушылық ету – олардың діттегені. Әрине, барлығының емес. Десек те, жасы үлкен адамға көмек көрсету әрқайсымыздың міндетіміз!

«Көпшік қою!»

Нәтижеге қол жеткізу үшін жасалатын ең жақсы тәсіл – оған мақтау айту, өміріндегі орны ерекше екенін көрсету. Ең қызығы – өтірік мақтаса да, өзіңіздің кереметтей мақтауыңызы есту үшін сіз де кейде елге жағынғыңыз келеді. Жаһанға жар салып, айғайлағыңыз да келуі мүмкін. М-нің өтірік мақтауы мен арбауына түспеймін десеңіз өз достарыңыздың ішінде қайсысының қасында бірге болғанда өзіңізді жоғары сезінесіз, осыны анықтап алыңыз. Аяғыңызды жерге тигізбей мақтай жөнелетін адам өз дегеніне жетіп жатқанын мақтаумен мақтадай бауыздалған сіз байқамай да қаласыз.

Әрқашан да асығыс!

М-дердің көбі сізге ақылға салуға уақыт бермейді. Шешіміңізді оған дәл қазір айтуыңыз керек, кейін оның бәрі де кеш болмақ! Теледидар қарап отырғаныңызда «Дәл қазір тетелефон соқсаңыз тауарымызды 50 пайыздық арзандатумен ала аласыз!» дейтін жарнамаларды білесіз бе? Адамдар да өз дегеніне жету үшін осы «асығыстық» тәсілін қолданып, құрбанына уақыт бермейді.  

М сіздің екі жақты ойда болуыңыз мүмкін екенін жақсы түсінеді. Ойыңыздан айнып қалуыңыз мүмкін екенін де сезеді. Бірақ ол сізге «иә» мен «жоқты» таразылап алуға мүмкіндік бермейді. Ол әрқашан да цейтнотта (шахмат ойынында қалай жүруді ойлауға уақыт жетпей қалу) жүреді.

Олардыкі әрқашан да дұрыс

Қандай да бір ситуацияда, қандай да бір дауда олар сіздің қаншалықты қате ойлайтыныңызды, ал өзінің қаншалықты дұрыс ойлайтынын дәлелдеп беруге дайын. Сіздікі қанша жерден дұрыс шешім болып тұрса да, ол өзіне ыңғайлы жағдай туғызып алады. Оның бар мақсат-мүддесі сіздің пікіріңізді қате етіп көрсетіп, кейін кешірім сұрату ғана. Ал мәселенің дұрыс-бұрыстығы екінші орынға қалып қойған.

Өз дәлелелін қоғам пікірімен дәлелдей түседі

М-дер өз құрбанына әсер етудің тағы бір әдісін тауып алған – біздің қоғам пікірімен бірге болғымыз келетінін, көпшіліктің қолдауына мәжбүр екенімізді білген ОЛ әрқашан да қоғам пікірін әрбір жерге «тықпалай» беруі мүмкін. Қоғам – ол бір адам емес. Сондықтан да М-нің оңды-солды мүддесіне орай қоғамның аты бар, заты жоқ пікірі кейде сізге келіссе, ал кейде сіздің ісіңізге қарсы болады. Адамдардың бір-біріне айтатын мына сөздері манипуляцияның дәл өзі екенін біліңіз: «Жұрттан кемсің бе? Әне! Айжамалдың күйеуі...», «Анау елдің баласын қарашы, әп-әдемі киінеді», «Мына елдің алдында мазақ болғың келе ме?»

«Мен бұлай миллион рет жасағам!»

Құрбанын өз дегенімен жүргізгісі келетін адам өткен жолғы іс-әрекеттерін айтып көндіреді. «Уайымдамасаңшы, мен бұлай миллион рет жасағам! Бәрі жақсы болады». Дәл осы жолмен М сіздің алдағы ісіңізді өзінің өткен ісімен салыстырып тұр. Бірақ оның ісі мен сіздің жағдайдағы ісіңіз бір-бірімен еш қатысы болмауы мүмкін. Тіпті оның шындық айтып отырғанына да көз жеткізбейсіз.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: mazl.com

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 30 желтоқсан 2013, 11:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.