Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ақ боз атты ханзада

Ақ боз атты ханзада

Ақ боз атты ханзада


Жаңазеландиялық Риз Макки есімді жас жігіт Гонконг көшесінде келе жатып, жылап отырған бір қызды көзі шалады. Жігіт бұл бейтаныс қыздың не үшін жылап отырғанын білгісі келіп, жанына барғанда, Кэти атты қыз достарынан адасып қалып, қонақүйге қайтатын жолды таба алмай жылап отырғанын айтып береді. 
Қыздың достарын табуға жігіт қол ұшын бергісі келіп, екеуі жолға шығады. Сол арада танысып қана қоймай, бір-біріне деген, дәлірек айтсақ, жігіттің қызға деген махаббаты оянады... 

5

Қоштасарда жігіт қызды суретке түсіріп алады. Ал қыз болса, "Мені тауып ал" деген бір-ақ ауыз сөзбен бұрылып кете барады. 

Келесі күні таңертең Макки түндегі суретті көріп, уақытының тамаша өткенін сезініп, бір беймәлім тәтті күйге бөленеді де, сол қызды табуға белін буады. Әйткенмен, Макки Кэтидің поштасын жаттап қалмапты... 

Жас жігітке көмекке фэйсбуктегі парақшасы келеді. Ол Кэтидің суретін фэйсбукке жүктеп, кім-кім де осы қызды көрген болса, танитын болса, тауып беруін өтінеді. 

"Кэтиді іздеу мені ұйқымнан оятқандай болды. Ішімде үмітсіз романтик тығылып жатқанын бұрын да сезетінмін. Оны табам деген үміттемін. Осы жолда өзімді де тауып қалармын, бәлкім", – деген жолдар фэйсбуктің мыңдаған қолданушысына айрықша әсер етіп, интернет қолданушылары Кэтиді жігітпен бірге іздей бастады. 

Бір қызды бүкіл әлем боп іздеу жақсы нәтиже беріп, жігіттің "көмекшілері" қызды тауып қана қоймай, Кэтидің интернеттегі парақшасына тыным бермей кетеді. 

Бұл бұл ма, Риздің махаббат оқиғасы БАҚ-тың да назарын аударған көрінеді. 

Риз болса, кішкене тірлігінің осыншалық күш алып кететінін мүлде күтпегенін айтып, теледидарға түсуден үзілді-кесілді бас тартқан. 

Ал Франциядан "табылған" Кэти бұл күндері Ризбен кездесуге асықпағанымен, кетәрі емес екен. 

Бұл оқиға мынау тасбауыр ғасырда нағыз махаббат пен махаббатына жету жолында еш нәрседен тайынбайтын серілердің бар екенін айқын дәлелдейді. Көбіне біз "Жігіттер ұсақталып кетті", "Нағыз серілер, қайдасыңдар?", "Романтика өлгелі қашан?!" деген сұрақтарға бас қатырып, мына өмірден баз кешіп жатамыз. Ал әлемнің бір түкпірінде болған осы бір оқиға нағыз махаббаттың қандай формада болсын өмір сүріп, тыныстап жатқаны туралы сыр шертеді...

Айтпақшы біздің басты қаһарманымыз Риз бұл шу сәл саябырсып, ел көңілінен ұмытыла бастаған кезде барып Кэтиге хабарласып көрмек екен. Мұндай оқиға біраз уақыт жүректерден өшпейді-ау... 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: factroom.ru

Қосылған күні: 30 наурыз 2014, 11:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.