Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жігітіңіздің пәтеріне қонаққа барсаңыз...

Жігітіңіздің пәтеріне қонаққа барсаңыз...

Жігітіңіздің пәтеріне қонаққа барсаңыз...

Жігітіңіздің пәтеріне барып көргенсіз бе? Қалай, жинақы ма? Бүгін біз сіздермен бір қызықты жазбаны бөліспекпіз. Жігіттің қандай екенін пәтеріне қарап анықтап көрелік? Соғұрлым сезім анықтауға келгенде де шеберміз ғой.

Плейбой жігіт


Плейбой – ұзаққа созылып, мәңгілікке ұласатын қарым-қатынасты құп көрмейтін жігіттің бір түрі. Әрине, арулардың көбі мұндай жігіттерге тұрмысқа шыққанды дұрыс санамайды. Плейбойлар үйленіп әке болу үшін қадам жасауға асықпайды да. Плейбой жігіттер тек бір қызбен қарым-қатынас орнатуды қанағат тұта алмайды. Олардың «заңды» әрі «заңсыз» сүйіктілері көп болуы мүмкін. Сондықтан оның пәтері сіз барған кезде жинақы тұруы әбден мүмкін. Үй шаруашылығына өзі кіріспегенімен ол үшін бір арудың келіп үй ішін тап-тұйнақтай етіп жинап кетуі сенуге болатын жағдай. Оның пәтері қызбен кездесуге ыңғайлы болады. Сүйіктісі өзін өз үйіндегідей сезініп еркін отыру үшін бар жағдай жасаулы болады. Олар романтикаға жақын да бола алады. Қыз келгенде өзін керемет сезінсін деп балауыз шамдар жағып, раушан гүлінің күлтелерімен төсегін әрлеп қойса да таңғалмаңыз. Одан мұндайды күтпесеңіз, өзіңіз оңбай қателесейін деп тұрсыз. Асханасынан шампан мен шоколад та табыла кетеді. Плейбой жігіт қу болғанымен аңқаулыққа салынатын кездері де болады. Күн сайын әр қызды ертіп келетін жігіттің пәтерінен әйел адамның заттарын байқап қоюға болады. Плейбой оны тығып, не көзін құртып үлгермеген. Не болмаса оған тіпті мән бермеген де шығар. Мұндай жағдайда біз айтпай-ақ өзіңіз де онымен қарым-қатынасты үзуге асығатын шығарсыз.

Әйелден өткен пысық жігіт


Егер оның пәтерінің табалдырығын аттағаннан үйдің тап-таза болып тұрғанын байқасаңыз, уақытынан бұрын қуанбай қоя тұрыңыз. Мұндай жігіттің үйі есігінің тұтқасынан ас үйіндегі стақанына дейін жалтырап тұрады. Оның пәтерінде тұрған қандай да бір заттың орнын ауыстырып жіберсеңіз, қолайсыз жағдайға тап болғалы тұрғаныңызды сезе беріңіз. Бұл қылығыңызға үй иесі қабақ шытып, эмоциясын білдіріп қояды. Өйткені ол мұндағы жайлылықтың бәрін өз қолдарымен жасаған. Біреу келіп, қалағанынша ол орналастырған заттарға тиісіп, қайта орнына қоймаса айтарлықтай ренжіп қалады. Дүкендегі немесе базардағы сатушы есіңізге түсіп кетті ме? Иә, олар да сатылымда тұрған затты алып көрген соң қайта орнына қоймасаңыз немесе бұрынғыдай жайғастырмасаңыз ашу шықырмай ма? Бұлар да сондай, демек... Мұндай жігітті «майда-шүйдеге дейін басын сұға беретін жігіт» деп атауға да болады. Ол музыкалық таспаларды жанр-жанры бойынша белгілі бір тәртіппен жинап қояды. Сөредегі кітаптар да қалай болса солай жиналмайды. Бәрі алфавиттік ретпен немесе авторлық ретпен орналасады. «А»-дан кітап алып, «Б»-ның қатарына қоя салсаңыз да басыңыз бәлеге қалайын деп тұр. Ол киімдерін өзге жігіттер секілді шкафқа орап-орап тыға салмайды. Бірінші сөреде – үйге киетін киімдері, екінші сөреде – іш киімдері, үшінші сөреде – бас киімдері, төртінші сөреде – көшеге шығатын киімдері тұрады. Майда-шүйдеге дейін араласып, үй шаршуашылығын өз мойнына алғысы келетін жігіттердің көбі қыз таңдауға келгенде талғампаз болады. Таңдаған күннің өзінде ол әйелдің жұмысының бәрін өз мойнына алуға дайын. Мұндай жігітке тұрмысқа шығуға біраз қыз қуана келісетін шығар. Мүмкін олар үй шаршуашылығын жасау міндетінен құтылдым дейтін шығар. Керісінше, мұңайыңыз. Ол ешқашан да сіздің тірлігіңізге көңілі толмай тымырая береді. «Жоқ, олай емес, былай» деп есіңізді де шығарады. Таңдау – өз еркіңізде.

Нәркес жігіт


Егер сіз айнасы мен косметикасы көп пәтерге тап болсаңыз, онда сіздің жігітіңіз өзгеден өзін қатты жақсы көреді. Оның үйіндегі кез келген зат оның сұлу екендігін еске салып тұрады. Өзі түскен суреттерін үлкен портрет етіп шығарып жан-жаққа іліп тастайды. Ал киім гардеробы басқа әңгіме. Оның киімдерін санасаңыз, сіздің киімдер жолда қалатын шығар. Сәнді, сапалы әрі әдемі киімдерді таңдауға келгенде талғамымен таласуға қорқасың. Бүгін киген киімді ертең кимейді. Үстіне ілген әр киімін бір-бірімен үйлестіреді. Ол киіну этикасын жақсы біледі. Өзге жігіттер қысты бір етікпен өткізсе, ол бес етікті ауыстырып киіп өткізеді. Бірі қақаған аязға арналған, бірі қысты күнгі той-томалаққа арналған, бірі қысты күнгі балшық пен жауын-шашынға арналған және т.б. Нәркес жігітте киімнің түр-түрі бар. Үйдің әр бұрышы оның «МЕНімен» сәнделген: бұрыш-бұрышта ілінген көзді арбайтын оның суреттері, кәсіби фотографтар жасаған портреттері ілініп тұрады. Тіпті сіз мұндайды кәсіби фотомодель мен жұлдыздардың үйінін де байқай қоймайсыз. Оның суреттері тоңазытқыштың есігіндегі күнтізбеде де, қабырғадағы сағатта да бейнеленген. Ал пәтерінің тазалығы мен жайлылығы ше? Ол онымен бас қатырмайды. Үйі шашылып жатса да шаруасы жоқ мұндай жігіттер тек өздері ғана таза жүруді қалайды. Оның компьютері үнемі қосулы тұрады. Барлық әлеуметтік желілерде күні-бойы отырмаса да «онлайн» болып тұрады. Өзін өзгеден артық сүйетін адам өзіне қарамайтын адамдардан үнемі жиіркенеді. Сіз қаншалықты өзіңізді күтіп қалған болсаңыз да ол сізден бір мін таппай отырмайды. Оның өзіне деген махаббаты ешқашан да баянсыз болмайды. 

Шешесінің баласы


Оның пәтерінен жағымды иістер шығап тұрады. Үй іші үнемі жинақы болады. Ал дастархан үстінде сізді иісі мұрныңызды жаратын ыстық бәліш күтеді. Шатаспаңыз, бұл тағамның бәрін өзі пісіре алатын жігіттің үйі емес. Бұл – тағамның бәрін өз пісіріп беретін анасы бар жігіттің пәтері. Енді асықпай, үстел үстіндегі шыны аяқтың қаншау екенін санаңыз. Дастархан екеуге емес, үшеуге жайылған ба? Демек бұл үйде жігітіңіз сіздің болашақ енеңізбен бірге тұрады. Сіз шешесімен танысып, тамақтанып болған соң ол кісі сізге үйді таныстыра бастайды. Ең алдымен ас үйді! Өйткені сіздің болашақ кеңсеңіз – осы жер. Сөйтіп жүріп сіздің отбасыңыз жайлы, қызметіңіз бен оқуыңыз жайлы сұрай бастайды. Үйге кіргеннен-ақ том-том фотоальбомды ақтарып, бейтаныстардың жүздерін көруге дайындала беріңіз. Шешесі баласы екеуі отырып өздеріне қызықты (бірақ сізге онша қызықты емес) фотосуреттерді көрмесіңізге қоймай көрсетеді. Сонымен қатар сүйіктіңіздің кішкентай кездегі ыңғайсыз суреттерін көруге де дайын отырыңыз. Сүйіктіңіздің бөлмесінен анасы сыйлаған ойыншықтарды да байқауға болады. Шешесінің баласына тұрмысқа шықсаңыз сіз оған не "екінші анасы" боласыз, не "нашар келін" боласыз.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: beon.ru

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2013, 17:15
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2013, 17:48

Пысық болғаны жасы емеспе қайта?

+0
19 желтоқсан 2013, 18:02

ұнатпайм пысық жігіттерді :shock:

+0
20 желтоқсан 2013, 09:31

пысық жігіттер көзге шөп салу мүмкін деп ойлайтын шығарсыз...

+0
20 желтоқсан 2013, 22:08

Неге?Қыз секілдіме?

+0
21 желтоқсан 2013, 13:29

Еркекке үй тірлігіне пысық болған жараспайды. Мелочь болмау керек деп санаймын

+0
19 желтоқсан 2013, 19:27

Пысықтық тек қыз баласына жаасатын қасиет сияқты?

+0
19 желтоқсан 2013, 20:11

менің жігітім тазалық құмар... үйін қайдам, әйтеуір аяқ киімінен ешқашан шаң, киімінен бір дақ көрген емеспін. Сонысын жақсы көремін :evil:

+0
19 желтоқсан 2013, 20:37

Плейбой жігіттер бақытты адамдар мен үшін :mrgreen:

+0
19 желтоқсан 2013, 22:03

ал маған ұқыпты, таза қарапайым азилсуйгіш жігіт унайды ,,,, сурамаса да жаздым енди уятта болса :)

+0
20 желтоқсан 2013, 01:09

Е, солай де...

+0
20 желтоқсан 2013, 09:34

мына пост не провокация, не жігіт таба алмай жүрген қыздың жазбасы, кей қыздарға жігіт қарапайым болса да, пысық болса да, әзілсүйгіш болса да, тап-таза болса да, ақылды болса да жақпайды. менің ойымша ол қыздарға өздері өздеріне жақпайтын секілді :idea:

+0
20 желтоқсан 2013, 21:39

жігіттің сауын қалдырмапты ғой :D :D :D

+0
21 желтоқсан 2013, 02:10

Әйелден өткен пысық жігіттер ))) екеуінің бірі әйелі куйеуінің қасынан шықпайды ;) ;иә болмаса әйелінін басы піспейді...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.