Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ел не демейді...

Ел не демейді...

Ел не демейді...

Өзгелердің пікірімен санаса білу - көпшілікке керек қасиет. Бірақ тепе-теңдік мәселесін де ұмытпағанымыз жөн. Сол тепе-теңдіктің арқасында ғана барша сезімдерімізді ретке келтіріп отырамыз. Ал өзгелердің өзіміз туралы не ойлайтындығын ескеру арқылы бойымыздағы сенімділігімізді жоғалтамыз. Мұнымен қатар, кері әсерін де тигізеді.

1. Өзгелердің ойынан шығамын деп өзіңізге ғана тән ерекшеліктеріңізді ескермеуіңіз мүмкін. Жеке пікір дегенді мүлдем ұмытасыз.

2. Кикілжің туған жағдайда мен туралы не ойлайды деп, шешім қабылдаудан бас тартуыңыз ғажап емес. Бұл қабылдаған шешімдеріңіз үшін өкінуге алып келеді.

3. Көпшіліктің алдында тұрып сөз сөйлеу үрей тудыра бастайды. Өзіңіздің не айтатындығыңызды емес, өзгелердің сіз жайында дәл қазір не ойлап жатқандығын анықтауға кірісесіз. Ал көңілге жайлылық сыйлауы тиіс көпшіліктің назары керісінше алаңдата бастайды.


4. Өзіңіздің армандарыңыз бен сезімдеріңізді шетке ысырып қойып, өзгелердікін алдыңғы қатарға шығарасыз. Осының әсерінен күйзеліске түсіп, барлығына өзіңізді ғана айыптайсыз.

Бұндай жаман әдеттен қалай арылуға болады? Ол үшін келесілерді жасап көріңіз:

1. Ең алдымен өзіңізге «Өзгелердің пікірімен не себепті өмір сүремін?» деген сауал қойыңыз. Мүмкін өзіңізге сенімсіз болғандықтан ол қасиетті өзгелерден іздейтін шығарсыз.

2. Өзгелердің 100% сіз туралы не ойлайтындығын анықтау қиын, сіздің айтып жүргеніңіз тек болжам ғана. Бұндай сауалдармен өзіңізді мазалап, бас қатырудың қажеті жоқ.


3. Бойыңыздағы сенімділікті арттырыңыз. Соның көмегімен ғана өзгелердің пікірімен өмір сүруді тоқтатып, тәуелсіз шешімде қабылдай бастайсыз.

4. Қажет болғанда «жоқ» деп айтуды да үйреніңіз.

5. Өзіңізге ұнайтын заттардың тізімін жасап, алдыңызға мақсат қойыңыз. Өз өміріңізді өзгелердің жоспарлауына мүмкіндік бермеңіз.

6. Егер әдеттегідей өзгелер мен жайында не ойлайды деген сауалды ойлана бастасаңыз, дереу тоқтап мақсатыңызды есіңізге түсіріңіз. (Қоршаған ортаңызда өзіңіздің ойыңызды білдіру арқылы құрметке ие боласыз).

Өзгелердің сіз жайында не ойлайтындығына алаңдаудың ешқандай да қажеті жоқ. Ол уақытыңызды алады әрі көпшіліктің ортасында дәрежеңізді түсіреді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: znay-kak.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 12 желтоқсан 2013, 14:00
Пікірлер
+0
12 желтоқсан 2013, 15:10

Мен үнемi адамдар мен туралы не ойлайды екен деп ойлап журем

+0
12 желтоқсан 2013, 15:29

менде кобине озгелер мени калай ойлайдвы екен деп аландап журем

+0
12 желтоқсан 2013, 16:31

Ал маған қазір бәрібір. Ел не демейді... Сол елдің менде шатағы қанша деймін кейде. Әрине, бұл деген қалай болса солай жүру емес. Тек елдің көңілінен шығамын деп жүріп, өзіңді жоғалтып алмау.

+0
13 желтоқсан 2013, 00:36

Мен ылги елдин ойын ойлаймын, бирак дурыс емес екендигин билем. ЕЛ НЕ ДЕМЕЙДИ, ЕСЕК НЕ ЖЕМЕЙДИ!!!

+0
13 желтоқсан 2013, 12:13

Иа өзіңе ғана назар аудар!!

+0
18 желтоқсан 2013, 20:12

Алтыншаш, соңғы сөздеріңіз, мына мақаланың түйініндей!

+0
18 желтоқсан 2013, 20:13

Қарлыға, кеңестеріңізге рахмет! :o :o

+0
21 желтоқсан 2013, 03:25

Адамдардың мен туралы не ойлайтынында шаруам жоқ! Өзімнің өмірім ғой :ugeek:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.