Өзгелерді өзіңіздің ыңғайыңызға көндіру

Өзгелерді өзіңіздің ыңғайыңызға көндіру

Төмендегі ережелердің келесі бір адамға зиянын тигізбейтіндігін немесе намысына тиісу үшін жасалмайтындығын ескерте кетейік. Бұлардың көмегімен достарыңыздың жағымды көзқарасына ие болып, сіз ұнайтын шешімді қабылдатуға көмектесетін бірнеше тәсілді ұсынғымыз келеді. Егер әңгімелесушіңіздің өзіңізге мәңгілік тәнті болып қалғанын қаласаңыз, төмендегі ережелерге назар аударыңыз.

1. Жәрдем беруін сұраңыз

Біз Бенджамин Франклиннің әсері секілді құбылыстар туралы айтып отырмыз. Бір күндері Бенджамин өзін ұнатпайтын адамның дұрыс көзқарасына ие болғысы келеді. Сол сәтте Бенджамин сол адамнан сирек кездесетін кітапты сұрап, артынша сыпайы түрде ілтипатын білдіреді. Бұған дейін қасына жуымайтын адам осы жағдайдан кейін татуласады.

Осы оқиға әрдайым қайталанып отырады. Бұл әсерді былайша түсіндіруге болады: Сізге көмектескен адам, керісінше сізден көмек сұрай аламын деп түсінеді. Ал көмекке келетін адамдардың шынайы достар екені анық.

2. Көпті талап етіңіз

Бұл техниканы «маңдайға тиген есік» деп атайды. Өзге адамнан өзіңіз ойлағаннан да артық дүниені талап етуіңіз керек. Мұнымен қатар, ақылға сыймайтын дүниелерді талап етіп көруіңізге болады. Көп жағдайда ол бас тартуы мүмкін. Бұдан кейін шын мәнінде қандай нәтиже алғыңыз келгендігін айтыңыз. Ол өзін ыңғайысыз сезініп, келесі кезекте сізге міндетті тұрде көмектесуге тырысады.

3. Адамдарды есімдерімен атаңыз

Атақты психолог Дейл Карнегидің айтуынша, адамдарды есімдерімен атаудың маңыздылығы өте жоғары. Өзгенің аузынан өз есімін есту арқылы өзінің сол адамға маңыздылығын түсінеді. Дейлдің айтуынша, адам өзінің есімін есту арқылы өзгелерге, мына өмірге керек екендігін түсінеді. Ал бұның барлығы нәтижесінде жағымды эмоция тудырады. Мұнымен қатар, әлеуметтік ортадағы дәрежесін атау арқылы осындай нәтижеге жетуге болады.

Сәлеміңіз түзу болса, өзгеден дәл солай жауап алатындығыңыз анық. Мысалы, "досым" деп атау арқылы оған жылы лебізіңізді білдіресіз. Егер біреудің қол астында жұмыс жасағанды қаласаңыз, оны бастық деп атаңыз.

4. Өзіңізге қызықтыра біліңіз

Бір қарағанда қолданылып жатқан айла білініп қалуы мүмкін. Бұл әрекетті жасанды жасап, жиіркендіріп алуыңыз да ғажап емес. Артынша пайдасына қарағанда, зияны көбірек тиеді. Зерттеушілер адамдардың үнемі когнитативтік тепе-теңдікті іздеп, ойлары мен сезімдерінің сәйкес келуіне ұмтылатындықтарын айтқан. Сол себепті өзіңізді жоғары бағалауды және сол бағаға лайық болуды ұмытпаңыз. Бұдан өзге келесі бір адамға қошемет көрсетіп отыруды ескеріңіз. Олардың жағымсыз қылықтарын айту арқылы тек жаман әсерге бөленетініңізді біліңіз. (Сынды мақтамен бауыздағандай етіп айта білу керек).

5. Айнаның қызметін атқарыңыз

Айна мимикрия болып табылады. Кейбір адамдар ойланбастан осы әдісті пайдаланып, өзіне ұнаған адамдардың қылығын сол қалпында қайталап отырады. Ол мінез-құлық, сөйлеу мәнері, қимыл-қозғалыс болуы да мүмкін. Алайда бұл техниканы саналы түрде қолданып көріңіз. Адамдар өзіне ұқсайтын жандарға жылы лебіз танытып, бірден түсіне кетеді.

6. Әңгімелесушіңіздің шаршағандығын пайдаланыңыз

Шаршаған адамдар өзгелердің пікірін жылдам құптайды. Себебі шаршағандық денеге ғана әсер етіп қоймай, адамның қабылдау психологиясын төмендетеді. Шаршаған адамға өтініш білдірсеңіз, «жарайды, мұны ертең жасап қояйын» деген секілді жауап аласыз. Ал келесі күні ұялғандықтан өз сөзінде тұруға тырысады.

7. Бас тартуы мүмкін емес ұсыныс жасап көріңіз

Бұл техника жоғарыдағы 2-пунктке сәйкес келеді. Бірден үлкен өтініш жасағанша, бірінші кішкенесінен бастап көріңіз. Ғалымдар осыған қатысты тәжірибе жасаған. Тәжірибе барысында адамдардан ең алдымен орманды ластамауларын өтініп, артынша азық- түліктен түскен ақшаның орманды сақтауға арналған қорға аударылатынын айтып, оларды сатып алуын сұраған. Алайда басында бір нәрсе сұрап, артынша мүлдем өзгеше дүниені сұраудың қажеті жоқ. Бір-екі күн күте тұрғаныңыз дұрыс.

8. Тыңдай біліңіз

Өзгенің қателігін бетіне басу арқылы түзете алмайсыз. Әсері керісінше болатыны анық. Сөзінің дұрыс еместігін жеткізуге болатын өзге де тәсілдер бар. Оны мұқият тыңдап, не себепті олай ойлатындығын, ойлап отырғанда қандай сезімде болатындығын түсініп көріңіз. Осылайша мүлдем керағар пікірлердің ортақ байланысын табасыз. 

9. Әңгімелесушіңіздің сөздерін қайталап отырыңыз

Әңгімелесушіңіздің айтқандарын өз сөзіңізбен айтып отырыңыз. Бұл техниканы «рефлективті тыңдау» деп атайды. Мұны көбінесе психотерапевт мамандар пайдаланады. Оны қолдану үшін өзінің айтқандарын өзіне сұраққа айландырып қойыңыз. Осы әрекетіңіз арқылы мұқият тыңдап отырғандығыңызды байқатасыз.

10. Басыңызды изеуді ұмытпаңыз

Басыңызды изеу арқылы, әңгімелесушімен толықтай келісіп отырғандығыңызды көрсетесіз. Ал әңгімелесушіңіз жақтасын тапқандай әсерде қалады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: seoonly.ru

Қ. Бүйенбай