Сізді жұмыссыз қалдыратын 10 себеп

Сізді жұмыссыз қалдыратын 10 себеп

«Жұмыс беруші алдына әр түрлі адамдар келетіндіктен, адамдарды сөзсіз түсінетін маманға айналады. Яғни, адамдарды кеңсеге кірген сәттен бастап бақылауға алып, ым-ишараларынан түрлі сигналдар қабылдайды. Адам баласы ол ым-ишираларды басқара алмайтындықтан, айтылған сөзге қарағанда әлдеқайда сенімдірек», - дейді «Алғашқы кездесуде жақсы әсер қалдыру: ым-ишара тілі және харизма» («Making the Most of First Impressions, Body Language, and Charisma») кітабының авторы Патти Вуд. Түсіне білген адамға қимыл-қозғалыстар сөзге қарағанда жылдам мәлімет береді. Назарларыңызға сізді жұмыссыз қалдыруы мүмкін 10 қате қимыл-қозғалысты ұсынамыз:

 


1. Әлсіз қол алысу

Жұмысқа алушы кірген сәтіңізде қолын ұсынса, көзіне тік қарап, күлімсіреңіз. Артынша қолын алыңыз. Қол алысу қатты емес, ақырын емес, орташа болуы тиіс.

«Сіздің қолыңызды алған адам қаншалықты мықты екендігіңізді түсінуі керек. Алайда артық кетіп қолын "сындырып" жібермеңіз. Қол алысқанда бір-біріне тиген алақандар жақсы әсер қалдырады. Сол себепті жұмыс берушінің қолын алғанда барлық бес саусағы сиятындай етіп, өзі қалай қысса, дәл солай қысыңыз», - дейді осы саланың маманы Патти Вуд. Әр елде түрлі көрініс табатын қол алысудың мәдениетін де ескергеніміз жөн.

2. Жеке кеңістікке басып кіру

Жұмыс берушінің жеке кеңістігіне құрметпен қараңыз. Тым жақындап, құшақтаудың қажеті жоқ. (Кейбір адамдар жұмыс берушіні жұмыс берген жағдайда қуаныштан құшақтап алуы мүмкін).

3. Қолдарды айқастыру

Қолыңызды айқастырып отыру арқылы жағымсыз әсер алып, бір нәрседен қорғанып отырғаныңызды білдіресіз. Оның орнына қолдарыңызды қозғалтып отырыңыз. Осы әрекетіңіздің арқасында энергияға толы әрі экспрессивті адам екеніңізді көрсетесіз. Ым-ишаралардың арқасында миымыз ақпараттарды жылдам қабылдап, дауысымыздың ырғағы өзгереді.


4. Шашты түртпектеу әдеті

«Бұл күйзеліске тап болып, содан шығудың жолын таба алмай отырғандығыңызды көрсетеді. Бұндай бала қылықтармен жұмыс берушіні мезі етіп алуыңыз мүмкін», - дейді Патти.

5. Орындыққа бүкірейіп немесе қисық отыру

Тік отырыңыз. Басқаша отыруыңыз арқылы өзіңіздің сенімсіз немесе ұялшақ адам екендігіңізді білдіресіз. Мұнымен қатар, басқаша отыруыңыз қарсы бетте отырған адамға сізге деген сенімсіздік ұялатады.

6. Көз-көзбен көз түйіскенде жалтақтау

«Жұмысқа тұрушы жан-жаққа қарап тұрып сөз сөйлесе ештеңе етпейді. Бұны дұрыс әрекет деп қабылдаған жөн. Алайда жұмыс беруші сөйлеген кезде оның көзіне тік әрі мұқият қарау керек. Көзбен көзді түйістіруді байланыс орнатудың құралы деп қараңыз» , - дейді Патти Вуд.


7. Менің бұл іске қатысым жоқ

«Экспрессивті түр жасай білгеніңіз өзіңізге жақсы. Бұл басқаларына қарағанда тартымдырақ көрінеді. Алайда беттің қимыл-қозғалысын үнемі бақылауда ұстаған жөн. Сағат, ұялы телефон секілділерге үнемі қарай беретін болсаңыз, айналаңыздағыларға жағымсыз әсер тудырып, бұл іске ешқандайда қатысыңыз жоқ екендігін байқатасыз.

8. Күлмеу

Жүзіңізде күлкінің жоқтығы жүйкесі тозған, өмірге деген қызығушылығы төмен, жылдам тіл табысып кете алмайтын адам екеніңізді білдіреді. Үнемі күлімсіреп жүруге тырысыңыз, алайда барлығы шынайы болу керектігін де ұмытпаңыз.


9. Мазасыздану

Тырнағыңызды тістеп, бетіңізді түртпектеп, қалтаңыздағы майда тиындарды сыңғырлатпаңыз. Сіздің мазасыз адам екендігіңізді әшкерелеп, өзгелердің көңілін бөледі.

10. Үстел астындағы қолдар

Қолдарыңыздың үстіне отырып немесе тізелеріңіздің ортасына жасырып қоюдың қажеті жоқ. Орнына жиһаздың жиегіне, үстелдің үстіне қойыңыз немесе ым-ишара белгілерін көрсетіп отырыңыз. Жұмысқа алушы қолыңызға қарап сіздің қаншалықты адал жан екеніңізді бірден айтып бере алады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: minber.kz

Қ. Бүйенбай