Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Баланы қонаққа ертіп апаруға қалай қарайсыз?

Баланы қонаққа ертіп апаруға қалай қарайсыз?

Баланы қонаққа ертіп апаруға қалай қарайсыз?

Бала қашанғы "ана тамда" отыра береді? Осы сұраққа келгенде екі түрлі жауаптың басы қылт ете қалады. Бірқатар ата-аналар балаларды ересектер жиналатын орындарға апаруды жөн санамайды. Ойларынша, онда ішімдік болады, үлкендер ғана айтатын ортақ әңгіме болады және ыңғайсыз әрекеттер мен бейауыз сөздер айтылады. Ал енді бірі кішкентайларды үйде қалдырып кетуге қарсы екендігін білдіріп жатады. Олардың ойынша, баланың үйде отыруы оның жалтақ болып өсуіне жол ашады. Баланың үлкендер ортасында отырып, олармен дастархандас болғанында тұрған ештеңе жоқ деп түсінеді. Ал сіздер не дер едіңіздер?

Жағдайға байланысты...

Дәурен Омаров, Qaznews.kz ақпараттық порталының бас редакторы:

"Әр кезде әрқалай. Өзім балаларымды саябаққа, ойын-сауық орталықтарына қыдыртамын. Оған шама жетпеген кездері күнара далада серуендейміз. Шындығына келгенде, қазіргі заманда қонақ болудың өзі арман болып кетті. Ал кейде қонаққа барғанда жолдасыңды ертуің керек болады, мұндайда балаларды үйге қараусыз қалдыра алмайсың. Оны да замандастарыңмен (үлкендермен) келісіп аласың: «Баламен барамыз, қарсы емессің бе?» деп. Сосын олар да ұялғаннан «Жоқ» дейді. Есесіне, онда да, сенде де реніш, әрі көңілдеріңізде кірбің пердесі болмайды. Бір жағынан, жиын-той немесе басқосу өнегеге сай өтсе, өз әдебімен, әдемі қазақы қалжыңымен жарасып жатса, неге апармасқа?! Көрсін. Өзіңіз білесіз, қазақ халқында қонақ барған үйде міндетті түрде балалар бөлек бөлмеде отырады. Өзім үйдің кенжесі болғандықтан, әкем мені көп жерден қалдырмайтын. Соның арқасында көпшілікте жүрудің жөн-жосығы қалай екенін үйрендім. Көпшіл боласың, тіл табысқыш боласың. Әрине, беталды кез келген жерге балаларды апара бермейсің, жағдайға байланысты, жұрттың қас-қабағына байланысты. Өкінішке қарай, қазіргі таңда үлкендер бас қосатын жерлердің көбісі өсек-аяң, арақ-шарапқа сылқиып, «сіз-біз» десетін орынға айналып барады. Бұл балаға жақсы әсер етпейтіні түсінікті".

Қарсы емеспін!

Мәриям Әбсаттар, журналист:

"Жалпы, өз қазағымның бойында өзіме ұнамайтын кейбір мінездер бар, соның бірі – баланы шектен тыс тыю. Тұрсынбек Қабатовтың күлдіре отырып: «Кішкентайымыздан еститініміз ана жаққа барыңдар, сол «ана жақтан» он бірінші сыныпты бітіргенде бір-ақ шығасың ғой» деп айтатын сөздері бар ғой. Бұл – сарказм, яғни, қит етсе «тәйт әрі» дегенді ең көп еститін қазақ бүлдіршіндері. Сондықтан да шығар, біз, қазақтар әлі күнге жасқаншақ, жасықтаумыз. Өз елімізде жүрсек те, өзгенің ырысын ішіп қоятындай боп, өгейсіп, елде есіктен имене еніп, табалдырықтан тіпті аттай да алмай тұрғанымыз... Төр біздікі болар ма еді, егер де кішкентайымыздан бізді тым тыйып тастай бермей, ата-анамыз тең дәрежеде сөйлесіп, өсе келе тіпті ақылдасып, әйтеуір үлкен буынмен арада диалог үзілмегенде... Жалпы, біз мұндай емес едік, бұрын ата-бабаларымыз баланы әдейі үлкендермен қатар отырғызып, құйма құлақ болсын деп, құлақ беріп, аталар немерелеріне дастан мен жыр жаттатқызып, «баланы бала деме, ақылы асса дана ғой» дейтін болған. Кейін ол тәрбие өзгерді, себебі көп. Бірақ оған тоқталып отырмай-ақ, айтарым, баланы ата-ана жаманнан тыю керек, бірақ ненің жақсы, ненің жаман екенін өз қапталына ерте жүріп үйреткені абзал. Сонда ғана «ата көрген оқ жонар» еді. Әрине, баланы мүлдем тыймай, бетімен жіберу керек деп тұрғаным жоқ, керісінше, үлкен буын мен баланың арасында әңгіме, диалог өрбуі керек. Жалпы, баланы тәрбиелеу керек деген сөздің өзі қате, ата-ана өзін тәрбиелеуі шарт, себебі бала ата-анасының айтқанын емес, істегенін істейді. Егер ата-ана өзі жақсы жерге барса, жалпы жақсы жолда жүрсе, баласын неге ерте жүрмеске?"

Қарсымын!

Ербол Исламбек, блогшы:

"Әке-шешем бізді жас кезімізде өздерінің ортасына қоспаған, яғни үлкендер бас қосатын орындарға алып бармаған. Оның пайдасын көріп жүрміз: Ол кезде ата-анам арақ-шараптың ортасына баратын. Оны көрген біз де ішіп жүретін бе едік?.. Құдайға шүкір, ондай жерді көрмедік, қазіргі күнде бәріміз де арақ пен темекіден аулақпыз. Ата-анам, бауырларым, келіндерім және жан жарым арақ-шараптан аулақпыз. Енді өзіме келсем, перзенттерімді алып бармаймын. Үйде болады!"

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: bota.kz

3386 11
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 19 қараша 2013, 18:39
Пікірлер
+0
19 қараша 2013, 18:49

Мәриям Әбсаттардың пікірі ұнады. Баланы қонаққа апарсаң, бір жағынан берекетің кетеді. Екінші жағынан менің үйдегі кішкентай інім қонаққа барғанда үйдегі тентектігін қойып, сыпайы бола қалады )) Тәрбиелік тұрғысынан қонаққа ерту дұрыс деп санаймын. Тек дені дұрыс жер болса болғаны...

+0
19 қараша 2013, 18:56

бұрын үйде жылатып қалдырып кететін, ал қазір апарғысы келет :roll:

+0
19 қараша 2013, 18:59

Меніңше, әр жағдайда әрқалай, баланың да әртүрлісі бар, қонақ боп барар үйдің де ауа-райына қарау керек дегендей :)

+0
19 қараша 2013, 19:23

Ардак агайга косыламын :)

+0
19 қараша 2013, 20:31

Ардақ ағай мен Арайлымға қосыламын, бес саусақ бірдей емес қой...

+0
19 қараша 2013, 21:35

Егер балаң тәрбиелі болса біреуін апаруға қарсы емеспін, бірақ екі-үш балаң болса топырлатып бәрін алып баруды ұят санаймын

+0
20 қараша 2013, 08:38

Мен қарсы емеспін, ата-анама інімді жиі алып баруын өтініп жүремін, айтпесе бала ынжық, жасқаншақ болатын сияқты

+0
20 қараша 2013, 09:06

Менің қыздарым қонақтан қалмайды шіркіндер-аййй :lol:

+0
20 қараша 2013, 09:34

Елдер бала тап дегенде сондай, бірақ олардың шулағанын, жылағанын қаламайды. Бала ма, бала деп қабылдау керек ересек адам.

+0
20 қараша 2013, 10:39

Мен балаларымды апасына барар кезде ертем калган уакытта уйде отырган дурыс мейли той болсын туган кун болсын апармауга тырысам себеби тусиникти де шыгар бала болган сон бир орында отырмайды гой.

+0
20 қараша 2013, 13:20

Бала мазалы болса алып баруга болады, алайда коз тиеди деген ниетпен де апармайтындарда бар! Конакка шакырган уйдин иеси де жане сол уйге конакка келген адамнын мазасын алып жиберсе ол да уят. Ен жаксысы еритпегени дурыс.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...