"Жаным, біз балалы боламыз..."

"Жаным, біз балалы боламыз..."

"Жаным, біз балалы боламыз..." - дейді...

"Мен бала күтудемін"

Бұдан артық әйел баласының бүкіл ішкі сезімін, эмоциясын, толқынысын жеткізер сөз жоқ секілді. Бұл дегеніміз толқу мен қамығу, дүниеге кім келеді деп торығу және ермен жаңа қарым-қатынас кезеңінің басталуы. Бір ерлер бар, баладан белгі бола бастағаннан өздерін әке сезінетін. Екінші бір ерлер бар, баланы тұңғыш қолына алып тұрып қана, өздерінің әке атанғанын біледі. Ендігі бір ерлер баланың туылғанынан бірнеше ай өткенде барып, өзінің толық мәнде әке екенін түсінеді. "Ешкім де әке болып туылмайды, әке болып қалыптасады" - депті...

Баланы тумай тұрып-ақ әйел өзін ана сезіне бастайды. Ер байғұс өзін ойша әке санап, тек ой қиялында ғана көрініс табумен шектеледі. Сонда да көз алдына келтіруге тырысып жатса, онда оны бірнеше жылдарға өсіп қалған, тәй-тәйлап жүрген бала қылып елестетіңіз. Көбіне мектепке барып, өсіп кеткен баламен өзінің сырласып отырғанын елестетеді көпшілік әкелер. Мұның өзі көпшілік ерлерде күрделі сезімдердің туындауына, өзіне, әйеліне қарама-қайшылықтарға бастауы мүмкін. 

Жаңа өмір алдында әке өсе түседі, бір сөзбен айтқанда, асқарлап кетеді екен. Ендігі сәттен бастап ол өзінің (болашақ әке атана отырып) әкесімен бір қатарда теңесе түседі. Бір ауық алдағы өзгерістер мазалай бастағанда, ол басқа адам болуға айналады. "Биіктен табыла ма?".. Жақындары мен туыстары құлағының түбіне келіп: "Бала өсіру дегеннің қиындығын көресің, қара да тұр... Еркіндік, теледидармен қош айтысасың", - деп жатса, одан сайын ол өзін жақсы әке бола алмаймын ба деп қорқа бастайды. "Екіқабат әйелінің сүйікті ері бола ала ма?!" 

Тіпті, кейде оған әйелі екеуі түзген өмірде өзіне орын жоқ сияқты көрінеді. Қауіпті жасыру іштарлыққа ұласады: оның әйелі ендігі сәттен бастап бір өзіне тиесілі емес. Өз-өзіне қарсы келе отырып, өзімшіл қарсыластың дүниеге келе жатқанын көреді... Мұндай сезімдерді астарлай алған әйел, ер адамын қолпаштап, ондағы мейірімнің баласы екеуіне теңдей жететінін түсіндірумен болады.

Ертелі-кеш өмірінің материалдық жағдайы басты орынға қойылады: ендігі жоспарда үш адамның тоқтығы тұрмақ. Баланы киіндіріп, өсіріп, оған үйден орын табу қажет. Бала көтеру мен оны дүниеге әкелудің қам-харекетінде жүрген әйелін ойлап, өзі зыр жүгіріп кетеді.

Болашақ әкенің бала туралы ойлары алғаусыз алғыс пен мейірім түсіреді. Өзге адам болып бара жатқанын және неге екенін білуге тырыспақ. Арты жүрексіздікке ұласады. Әйелінің кей қылықтарын түсінуден қалады (көпшілік ерлерде бұл қылық орын алып тұрады). Бірақ ең жаман қорқыныш – қорқақтық. Әйелінің өміріне өз өмірінен артық уайымдап, тіпті, көңілге қатты алатыны соншалықты, түнімен аунақшып, ұйықтамай шығуды әдетке айналдырады. 

Алғашында әйелінің жағдайы алаңдатса, сосын баласына ауысады. Жүктіліктің соңғы күндерінде баланың дүниеге сау келуі турасында ойлап, басы қатып кетеді. Іштегі баланың әрбір қозғалысы қиялдан тұрақтылық таппай, шарықтап кетпек...

Бір-ақ күнде балалықпен қоштасып, даналыққа бастайды. Бір-ақ күнде бір баланың бүкіл өмірін өзгертіп жіберетіндігі жанына батып, бір жағы қуана түседі.  Әйеліне еш білдірместен, әйдік шешімдерге бел буады.

Жүктілікке қарсы қарама-қайшы қылықтарға барып тұратын әкелер де бар. Олардың ойынша, әйелі өзі туып, өзі өсіріп шығуы тиіс. Оған қоса, өмір сүру салты мен туған күн кештерін, тағысын жоспарларды кейінге қалдырмаған жөн. Мұндай жағдайда жүктіліктің аса қиын кезеңі туады. "Мен одан ары шыдай алмаймын. Ол өзін дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күні жаман сезінді..." - деп ері достарына кетіп қалуға әзір тұрмақ...

Екі ортаға, ана мен іштегі бала арасына араласпауды дұрыс көретін әкелер бар. Тек босану уақытында ғана емхана алдынана шықпай қояды демесеңіз, былайынан, еш алаңдамастан өмір сүріп жатады. Оның үстіне кейбір әйелдер (ондайлар сирек) босанудан басқаға алаң білдіргісі келмей, ерлерінің түзде жүргенін қалайды.  

Есіңізде болсын, босанатын әйелді тек сөзбен ғана алдандырып қоймай, дүкенге барып тұру, түрлісін тағы шаруаларды атқару сіздің мойныңызда! Әйелдерімен бірге жаттығуларға да баратын ерлер бар...

Әкелер, дүниеге баланың келуі отбасының іргесін мықтай түсіп, тату-тәтті ортаға айналдырмақ. "Әлемдегі ең әдемі әйел – аяғы ауыр келіншек..."

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: vk.com 

Л. Лига