Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Facebook-тегі "интернет" тілі

Facebook-тегі "интернет" тілі

Facebook-тегі

PLoS One ғылыми журналы адамдардың әлеуметтік желілеріне байланысты жақында жүргізілген зерттеулердің нәтижесін жариялады. Оларға сүйенсек, адамның әлеуметтік желісіндегі парақшасына қарап, оның жынысын, жасын, онымен қоймай тіпті мінезін анықтауға болады екен.

Зерттеу нысаны ретінде әлем бойынша қолданылатын ең үлкен әлеуметтік желі – Facebook алынды. Пенсильвания университетінің әлеуметтік лингвистика мамандары Facebook-тегі 75 000 қолданушының 15 миллион жазбасын қарап шықты. Зерттеуге алынған адамдар қосымша сауалнама сұрақтарына жауап беріп, өзінің әлеуметтік желідегі өмірі жайлы көбірек ақпарат берді. 

Зерттеу нәтижелері бойынша, ғалымдар әр адамға тән "интернет тілі" бар екендігін аңғарды. Сонымен қатар, бір жастағы, жынысы бір немесе мінездері ұқсас адамдар арасында ортақ белгілері анықталды.  

PLoS One ғылыми журналында жарияланған зерттеу нәтижелері әлеуметтік желідегі әр топқа тән сөздерден жинақталған "бұлттар" бейнесінде көрсетілді. 

Соларға сәйкес қыздар эмоционалды сөздер мен эпитеттерді жиі қолданады екен. Нәзік жандылар әр сөз бен сөйлемнің соңына смайлдар қоюды әдетке айналдырыпты.

Қыздардың "интернет" тілі

Жігіттердің жазбалары эмоцияларға зәру, есесіне қыздар мен қарым-қатынас туралы көп айтылады. Жігіттер "менің", "менікі" деген есімдіктерді жиі қолданып, жазбаларында өздерінің қоғамдағы орнын анықтап отырды.

Адамдарды әлеуметтік желідегі жазбаларына қарап, тек жынысын ғана емес, сонымен қатар мінезін де анықтауға болады екен. Экстраверттер мен интроверттер жиі жағдайда әлеуметтік желілердегі парақшаларында түрлі тақырыптарды қозғайды.

Экстраверттер демалыс орындары мен көңіл көтеру кештері жайлы жазып, позитивті сөздерді көп қолданады. Ал интраверттер кітаптар, интернетте танымал тақырыптар мен түрлі мәдениеттерді талқыға салады. 



Экстраверт қолданатын сөдер  Интраверт қолданатын сөздер

Өз жазбалары мен пікірлерінде ұрсысып, боқтық сөздер жазатын адамдар өмірде де өте ашулы жандар болады деген шешімге келді ғалымдар.

Ал сіз парақшаңызда көбінесе не туралы жазасыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: cossa.ru, wwbp.org

1766 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 08 қазан 2013, 14:19
Пікірлер
+0
08 қазан 2013, 15:56

бізде көбі саясат шығар :lol:

+0
08 қазан 2013, 19:50

Өзіме ұнайтындарын ғана жазамын ғой... ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев