
Қыздар жан баласына айтпайтын 5 әрекет
Әрқайсымыздың ішімізде тек өзіміз ғана білетін құпиялар жатыр. Оны анамызға да, жақын құрбымызға да айтқан емеспіз. Айтпаймыз да! Сол әрекеттердің кейбірін ұсынайық. Ішінен өзіңді іздеп көр.
![]() |
Жігітпен кездесуге барар алдында, айнаға қарап тұрып, қалай сәлемдесетініңді, не айтатыныңды, тіпті қалай отырып-тұратыныңды жаттығу жасағандай істеп көріп, бірнеше мәрте қайталадың. |
![]() |
Сенің тек қана отырыстарға, кештерге ертіп баратын құрбың бар. Ол жұртқа көрсетуге ұялмайтындай түр-келбетке ие. Бірақ оның өзіңнен әдемі болып киінгенін қаламайсың. Жігіттер оған емес, өзіңе назар аударса дейсің. Әрі оны басқа еш жерге ертіп бармайсың. |
![]() |
Құрбыңның сымбатты жігітімен сөйлесіп, қалжыңдасып тұрып, оның дәл сенің жаныңда жүргенін ойша елестетіп көрдің. Екеуіңнің қыз-жігіт болып жүргендеріңді, сосын тойды... |
![]() |
Жақында жұмыстан шығып кеткен әріптесіңнің тартпасында ұмытылып қалып қойған қымбат далабын ешкімге білдіртпей өз тартпаңа салып қойдың. |
![]() |
Бұрынғы жігітіңнің әлеуметтік желілердегі парақшаларына қайта-қайта кіріп, не өзгеріс болып жатқанын бақылап отырасың. Және көбіне өз атыңнан емес, басқа бір белгісіз атпен аккаунт ашып алып, сол аккаунтпен кіресің. Суреттерін көресің, жазбаларын оқисың... |
Өзіңді таптың ба? Ешкімге айтпа...
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: rjpooch.com, commons.wikimedia.org, automotive-seo.net, gayatri-pariwar-books.blogspot.com, forbes.com