Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жұбайлық өмір: тоғысқан тоқсан сезім

Жұбайлық өмір: тоғысқан тоқсан сезім

Жұбайлық өмір: тоғысқан тоқсан сезім

Жұбайлық өмірдің астарында қаншама құнды сезімдердің болатындығы көпке аян емес. Ойы қырағы адамға оны әке-шешенің қарым-қатынасынан-ақ айқын аңғаруға болады. Сіздер білесіздер ме, отбасылық өмірдің оты қайнаған қазанында бір адам баласының бойынан толық табыла қоймайтын сезімдер мен жақсы қасиеттер болатынын? Білмесеңіздер, біразын жария етейік! 

Махаббат

Иә, махаббатсыз жұбайлық өмірдің дым дәмі де, сәні де болмас еді. Махаббаттың дәнекерлік етумен құрылатын отбасылық өмірдің бақыты басым екендігі белгілі. Махаббаты жоқ отбасы қараңғы түнекке ұқсайтын шығар. Махаббат керек! Отбасын құрып, екі жарты бір бүтін болу үшін махаббат керек!

Сыйластық

Бір-бірін қалап қосылған бақытты жұбайлардың арасында тағы бір бағалы сезім бар. Ол – сыйластық. Сіздің сыйыңыз басқалардың алдына қарағанда өз жартыңыздың алдында өте жоғары болу керек. Сыйластық бар жерде жайлылық бар. Жайлылық бар жерден жылылық кетпейтін болады. Ері әйелін, әйелі ерін сыйлап бірінің ойын бірі айтқызбай ұғатын отбасының сүйкімі басымырақ. Сыйластығы жарасқан отбасының айқай-шуы мен ұрыс-керісі болмайды. Бірін-бірі сыйлаған ер мен әйелдің шаңырағында ыдыс-аяқ аз сыңғырлайтын болады.

Достық

Сіз сыныптасыңызбен немесе әріптесіңізбен дос шығарсыз. Бірақ жұбайыңызбен достық қарым-қатынаста болудың өзі бір бақыт. Ер мен әйелдің арасында достық болған жағдайда үй іші берекеге толмақ. Достық деген сөздің өзіне нелер жататынын бәріңіз білесіздер. Алты әріптік сөздің ішінде қаншама жақсы қарым-қатынастың бары да рас. Егер сіз еріңізбен (әйеліңізбен) дос болсаңыз, онда жолыңыздың болғаны деп есептеңіз. Өзге достықтың орны бір бөлек, жұбаймен дос болудың орны тағы бөлек. Адамның әйелімен не күйеуімен дос болуының мынадай артықшылықтары жоқ емес. Мәселен, ол сізге адал болады. Сізге керегі де сол емес пе еді? Достықта адалдықтың мәртебесі жоғары болуы керек. Ол сіздің сырыңызды өзгеге ашпайды. Ол отбасының ішкі асханасында болып жатқан жәйттарды жалпақ жұртқа жария етпейді. Ол сізге қашан да адал болуға тырысады. Сонымен қатар дос болған жұбайыңыз сіздің жақсылығыңызды асырып, жамандығыңызды жасырады. Ешкімге де өз жары жайлы жаман нәрсе айту ұнай қоймайды. Өзгенің өз жұбайынан артық еместігін түсінген жартыңыз сіздің жақсылығыңызды асырып, өзгеге түймедей «плюс» ісіңізді түйедей етіп мақтайды. Ал ағаттық кеткен кездеріңізді жасыруға тырысады. Бұл сіз үшін мәртебе емес пе? Ендеше жұбайыңызбен дос болыңыз.

Жанашырлық

Сәл ауырып жөтеле қалсаңыз, дәріханаға шауып жағдайыңызды жасауға дайын тұратын сенімді серігіңіз бар. Ол сіздің бір тал шашыңызға зақым келгеннен-ақ уайымға салынады. Өйткені ол сізді жақсы көреді. Ал адам бойындағы жанашырлық қасиет кез келгенге ояна бермейді. Ол сіздің жағдайыңыздың жақсы болғанын, өз ортасында басы төмен қарап жүрмей ел қатарлы болғанын қалайды. Сол үшін уайымға салынады. Өз жұбайына жаны ашымайтын адамның жүрегі жоқпен тең.

Бауыр басушылық

Адамдар бір-біріне өте тез бауыр басады. Күні кеше бас қосқан жас жұбайлар бір айдың ішінде-ақ бір-біріне бауыр басып үлгереді. Бауыр басушылықтың жұбайлар үшін маңызы ерекше. Бір-біріне бауыр басқан ері мен әйелінің сыйластығы да, махаббаты да арта түспек.

Сағыныш

Бауыр басушылықтың артында сағыныш болады. Сағыныш сезімі ерлі-зайыптылардың жолы екі жаққа бөлінгенде немесе екеуі бір-бірінен уақытша алыстағанда оянады. Кейбір отбасыларда ері мен әйелі бір-бірін алыс кетпесе де, көздерінен жырақтамаса да, сағына береді. Бұл зор махаббаттың құдіретінен болатын жәйт. Бір-бірін жарты күн көрмесе, сағынатын жұбайлардың бақыты басқадан басым екенін мойындау керек. Әйткенмен мұндай алып сезімнің буы сәл уақыт өткен соң басылуы мүмкін. Өйткені қазір мен сіздерге "Әлемдегі барлық ерлі-зайыптылар бір-бірін көз алдында да тұрса да сағына береді екен" дей салсам, сөзім қып-қызыл өтірік болғалы тұр. 

Бары бұл ғана емес. Мұндай сезімдердің тізімін жаза берсек, әлі де созылғалы тұр.

Автор: Ақерке Әбілхан

Сурет: mail.ru

1314 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 24 қыркүйек 2013, 16:50
Пікірлер
+0
24 қыркүйек 2013, 17:44

"Өз жұбайына жаны ашымайтын адамның жүрегі жоқпен тең". Келісемін.

+0
24 қыркүйек 2013, 18:29

суреттегі ақтаулық жұп)) көз қуантады екен)

+0
24 қыркүйек 2013, 21:39

иа тым ұзақ екен

+0
24 қыркүйек 2013, 22:17

Сыйластық жұбайлар арасында міндетті түрде болуы керек, онсыз болмайды)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...