Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Сыйлы болғың келсе, сыйлата біл

Сыйлы болғың келсе, сыйлата біл

Сыйлы болғың келсе, сыйлата біл

Өз-өзіңізге деген сенімділік – қоршаған ортаңызда қадір-қасиетіңізді арттырып, мансап жолында үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын қасиет. Бірақ, өзіңізге деген сенімділікті тәкаппарлықпен шатастырып алмаңыз.

Абай атамыз айтқандай, тек ақылыңыз бен қайратыңыз екі жақтап алып шығады. Оны дұрыс тәрбиелеудің бірнеше жолдары бар:

1. Талғаммен киініңіз. Талғамыңыз нашар болса, сәнді киімдер жарнамалайтын журналдарды оқыңыз немесе стилист мамандардың көмегіне жүгініңіз. Егер сырт көрінісіңіз көркем болса, адамдар сізге қарай тартыла түседі. Ал достарыңыз көп болған сайын сіздің танымалдылығыңыз да артады. Ал танымалдылық жанға рахат сыйлайтынын мойындауымыз керек.

2. Бойыңызды тік ұстап, қадамдарыңызды сенімді басыңыз. Басыңызды төмен түсіріп, аяқтарыңызды сүйретіп жүретін болсаңыз сізге ешкім де назар аудармайды. Бұл сізге мән-мағына сыйлайды. Бойыңызда батылдылық пайда болып, қоршаған ортаңызда беделіңізді арттырады.

3. Өзіңізге нұсқаулықтар жазып, бөлмеңізге іліп қойыңыз. Олардың мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: «Мен барлық қиындыққа төтеп бере аламын», «Көп ұзамай жалақым жоғарылайды», «Сүйіктіммен қарым-қатынасым жақсара түседі». Өз-өзіңізді иландыру – керемет күш. Осы секілді өзіңізге өзіңізді жарнамалап көріңіз. Қызықты тұлға екеніңізді қоса отырып, жақсы жақтарыңызды баяндайтын мәтін жазыңыз. Мұндай тәсілдер арқылы сенімділігіңізді арттырасыз.

4. Айналаңыздағыларға қошемет айтуды ұмытпаңыз. Адамдарға деген жаман ниетіңіз ғана болса, олардан жақсылық күтпесеңіз де болады. Өзгелерге мақтау айту арқылы да сенімділігіңізді арттыруға болады. Бастысы мұны шын көңілмен жасаңыз.

5. Өз ойыңызды білдіруден қорықпаңыз. Үлкен компаниялар мен ұжым арасында жұмыс жасайтын адамдар айтқандары күлкілі әрі ойға сыймайтындай болып көрініп қалар деп өз ойын білдіруден қорқады. Алайда, ойыңызды айту арқылы жеке пікірі бар тұлға екеніңізді танытасыз.

6. Спортпен айналысыңыз. Мінсіз сымбатқа ие болсаңыз, нұр үстіне нұр болмақ. Жүгіру мен жүзу секілді спорт түрлері мінсіз сымбатыңызды қалыпқа келтіріп қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Ал көңілді жүретін адамның өзіне сенімсіз болуы мүмкін емес.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: kakprosto.ru

2272 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 23 тамыз 2013, 17:53
Пікірлер
+0
23 тамыз 2013, 20:38

Тақырыбы да мақала да әдемі!Тақырып жақсы ашылған секілді!Маған ұнады! :) :lol: Жалпы сыйлы болып,өз ортаңда өзіңді жақсы ұстап,адамдармен қарым-қатынасты жақсы сақтауға арналған- керек кеңестер!

+0
23 тамыз 2013, 22:51

пайдалы мақала. рахмет!

+0
26 тамыз 2013, 11:12

Өзіңе сенімді болсаң бәріне сыйлатуға болады.

+0
26 тамыз 2013, 16:35

Осы нұсқаулықпен жүрмейді екенмін мен. Кейбіреу сөйтеді ғой.

+0
27 тамыз 2013, 20:16

Айелди бастан деген бар. ;) Кыз баласы озинин кадирин абыройын арттыру ушин (барган жеринде) татти тилди жане сыпайы болу керек. Жогарыдагы жазылган ауылдын кызына уйлеспейди

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...