Жұмысбасты адамның үш түрі

Жұмысбасты адамның үш түрі

Естеріңізде болса, біз жалған жұмысшылардың қулықтары жайлы жазған болатынбыз. Ендігі кезекте шын мәніндегі жұмысшының қандай түрлері болатынын айтқалы отырмыз.

Психологтар еңбекқор адамның 3 түрі бар дейді. Олардың әрқайсысы да үлкен бір еңбектен кейін әрқандай жолмен демалуы керек екен. Сонымен...

1. Дәстүрлі жұмысбасты

Мұндай адам жұмысты өмірінің басты ісі деп қабылдайды. Ол өз жұмысына шын беріледі де, өзге бір тараптағы жолдардың да қызығы барын ұмытады немесе ескермейді. Жұмыс оған рухани күш береді, тіпті жұмыстың қызған шағы оған бір рухани ләззат сыйлайды. Жұмыстың қиындығына ешқашан да сылтау айтып, шағымданбайды. Мұндай қиындықтарды олар табиғи дүниедей көріп, оған еш таңданбай әрмен қарай жүре береді. Оның бір өкінетіні тәуліктің сонша тез өтіп кететіндігі ғана, егер көзге көрінерліктей іс бітірмесе, ол көңілсіз, мазасыз қалыпқа түседі де қалады.

Егер сіз тура осындай адам болсаңыз, еңбек демалысына өзіңізге де, қызметіңізге де аса сәтті кезеңде шығуыңыз керек-ақ. Әйтпесе демалмаған адамның жұмысы тындырымды болмайды.

2. Авралды жұмысбасты

Мұндай адамдар жұмысқа да, хоббиіне де, демалысына да белсенді түрде араласа кетеді. Олар себебі басқа жолмен жүре алмайды! Егер мұндай адам өз уақытында демалып алмаса, қиындыққа тап болады. Оларға ешқашан да уақыт жетпей жатуы тиіс, егер оның бос уақыты болса, өз ритмінен айныған адамның жұмысқа қайта жең түре кірісіп кетуі қиындық тудырады. Сол себепті де мұндай түрге жататын еңбекқорлар жұмысты да, демалысты да толықтай талап етуі керек.

3. Мақсатты жұмысбасты

Қалыпты жағдайда мұндай қызметкер өзгелерден бір кем түспей және бір артық болмай, жұмыс жасай береді. Ал егер оның алдына белгілі бір мақсат қойса, мәселен жоғары қызметке ауысуға мүмкіндік жасаса, ол тәулігіне 20 сағаттан кем түспей жұмыс жасауға дейін барады. Ол өз мақсатына жетпесе, өзге бір арнаға ауысып немесе демалысқа кетуі мүмкін емес. Егер сіз өзіңізді осы айтылған сипаттамаға сәйкес адаммын деп ойласаңыз, мақсатыңызға жетпей тұрып, ешқандай да демалысқа кетуіңізге болмайтынын ескеріңіз. Себебі мақсатына жетпеген адам пайдалы демалысқа шыға алмайды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: sobesednik.ru

А. Құлтай