Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Олардың ойынша, сіз біртүрлі адамсыз

Олардың ойынша, сіз біртүрлі адамсыз

Олардың ойынша, сіз біртүрлі адамсыз

Өмірге өзгерістер енгізе бастаған тұста адамдар сізді біртүрлі деп санап, ойлай бастайды. Бұл дәйек. 

Адамдар ойлауы мүмкін ғой деген ойдың өзі толыққанды өмір сүрмеуге және үлкен өзгерістер жасамауға мұрындық. Жұрт сізді біртүрлі, әртүрлі, қызықты және жынданған деп санап жатса, онда ол жақсылық. Сол жақсылықтың қатарында көңілділік пен тым жақсылық, әдемілік және көрік, әсершілдік те бар. Жақсы ой болсын, жаман ой болсын, бірде біреуі ішкі сенімді (мотивация) тежейтін болмасын, шабытты өлтірмесін немесе әрекет ету тілегіңізге қарсы келмесін. 

Көпшілік адамдар сіздің бұрынғыша қала бергеніңізді қалайды және күндердің бір күні көп нәрсені өзгерте бастасаңыз, онда бірден қатерлі жанға айналып шыға келесіз. Сіздің әуесқойлығыңыз олардың өмір сүру үлгісіне қарсы тұруға шақырады. Сосын, сіз шынында да әрекетке көше бастағанда, онда олар да өздеріне қоршаған орта турасында сұрақтарды қоя бастайды. Өкінішке орай, адамдар өз өмірлерін сұрақ астына алғанда, жайсыз тиетіні соншалықты, олар жай ғана тақырыпты ауыстырып, сіз туралы және сіздің бүртүрлілігіңіз туралы ойлаумен ғана шектелмек.

Біртүрлі адамсыз, егер сіз... 

  • ерте тұрсаңыз
  • қарызсыз өмір сүрсеңіз
  • күнделік жүргізсеңіз
  • қарыз берсеңіз
  • жұмыстан шығып кетуге бел бусаңыз
  • балаларыңызды оқытсаңыз
  • марафондарға қатыссаңыз
  • қарапайым киінсеңіз
  • тісті душта тазаласаңыз
  • қайырымдылық жасасаңыз
  • теледидарда лақтырып тастасаңыз
  • қатты қарқылдап күлсеңіз 
  • әлеуметтік желілерге кіруден бас тартсаңыз
  • ауылға жиі барып тұрсаңыз
  • бәрін тастап, әлемді саяхаттауға шықсаңыз
  • базар аралағанды жек көрсеңіз

Біреу-міреудің біртүрлілігі сіздікінен асып түсіп жатса және сол жайлы ойлай бастасаңыз, онда өзіңізге қатты мән беріп, сұрақтар қоятын кез келгені. Өзіңізді жайсыз жағдайда қалдырып көріп, содан шығып көруге тырысыңыз. Сіз де біртүрлі бола аласыз. 

Сізден кейбір адамдардың көңілі қалып, теріс айналып кетуі мүмкін, бірақ, есесіне сіздің біртүрлі, мейірбан, шектен тыс әрі өткір мінезіңіз көпшілікті қанаттандырып, айналаңызда күлкі мен күн шуақты сенімділік пен өзгерістер түзуі бек мүмкін.

Егер сіз өзгеріп немесе жаңа бір нәрсені жасап жатқанда, адамдардың өзіңіз жайлы не ойлайтындығын ойламаңыз. Барлығы бастан өту үшін. Сіз де біртүрлі шығарсыз, мүмкін...

* * * *

Біртүрлі болуыңызға не итермелейді?

сурет:alex512.beon.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

7411 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 18 шілде 2013, 15:31
Пікірлер
+0
18 шілде 2013, 17:23

6 миллиардтан астам адамнан бөлек біртүрлі болып жүрген күште емес пе?! :mrgreen:

+0
18 шілде 2013, 17:35

:lol: уау мынаның тең жартысы бар менде, мен ерекшемін бе???

+0
18 шілде 2013, 17:56

озине унаса биреудин пикири кажет емес.

+0
27 шілде 2013, 17:17

Мені онсыз да "басқа әлемнен келген",- дейді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...