Ой қуаты

Ой қуаты

XX ғасырдың елуінші жылдары Шотландия бағытында жүзім шарабын тиеп шыққан португал кемесі күні бұрын рәсімделген порттардың біріне келіп тоқтады. Теңізшілердің бірі шараптардың түгел тиелгеніне тағы бір мәрте көз жеткізу үшін, жүк тиейтін суық бөлікке (отсек) аттанды. Тағы бір теңізші артынша сол жерден табыла кетіп, ойға еш күдік алмастан, ашық тұрған есікті сыртынан жауып кетті.

Бір сәтте тұтқынға айналған бейбақ бар күшімен есікті теуіп те, ұрып та көрді. Өңеші жыртылғанша айқайлап бақты. Өкінішке орай, оны естіген ағайын болмады. Әлгі жүк кемесі артынша Португалия бағытында қайта жолға шықты.

Отсек (бөлік) ішінде астық қоры көп болғанмен, бұл қуаныш емес-тін. Бөлме ішінің төменгі температурасында өліп кету қаупі бар еді. Азырақ ойлана келе, көп темірдің кіші бірін қолына алып, басындағы қайғысын күн-түн демей темір қабырғаға қырнап жаза бастады. Ауыр да азапты мұңы ғылыми дәлдікпен баян етілді: денесінің мұздауы, мұрнының жансыздануы, аяқ пен қол ұштарының қатуы.

Арасына бір ғана әдеби сөз қосылды: "Мұз қолын ұсынған...ол...оттар!"

Кеме Лиссабонға келіп тоқтады. Зәкірі жерге тасталған соң, капитан мұздатқыш (отсек) бөлменің есігін ашып, өлген жанның денесін көрді. Жұрттың назары қабырғада тырнап жазылған тағдыр оқиғасына ауды. Бірақ нағыз қызықтың көкесі алда болатын. Капитан бөлме (отсек) ішінің температурасын өлшеп көргенде, әдеттегідей, термометр 19 градусты көрсетіп тұр екен. Қай жолғыдай кеме жүксіз қайтарда мұздату жүйесі іске қосылмайтын. Ал әлгі адам өзіне суық екендігін ойлағандықтан ғана жан тапсырған еді. Әлгі адам өз ойының құрбандығына шалыныпты.

Сурет:www.jevons.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига