Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Адамның ең ...

Адамның ең ...

Адамның ең ...

Біздің сөздік қорымызда "Адамгершілік" деген сөз бар. Бірақ бір өкініштісі бұл адамзат атаулының бәріне қолданылмайды. Адамның өмірдегі "ең" деп басталатын барлық қасиеті осы адамгершіліктен ғана туындайды екен-ау. 

***

Адамның ең үлкен қасіреті – кешегі жоғалтқаны емес, қайта өткен қасіреттен айыға алмауы.

Адамның ақымақтығы – алдындағы қатерлі орды байқамай қалуы емес, сол орға екінші рет түсуі.

Адамның ең құлазыған кезі – сағынған адамыңның сені күттіруі емес, қайта оның енді қайтып келмесін білуі.

Адамның ең қатігездігі – біреуді бетпе-бет құлатуы емес, қайта оған көмескіде ор қазуы.

Адамның ең масқаралығы – басқалардың несібесіне ортақ болуы емес, қайта өз несібесін басқаларға ұсынып беруі.

Адамның ең пасықтығы – нәпсінің жетегіне еруі емес, қайта ар-ұяттан айрылуы.

Адамның ең азапты шағы – сүйген адамға қол жеткізе алмау емес, қайта сүйген адамыңның бақытсыз болуы.

Адамның ең көңілді шағы – басқалардың саған қуаныш сыйлауы емес, қайта өзінің басқаларға көңілділік сыйлауы.

Адамның ең зеректігі – басқалардың байқай алмағанын байқауы емес, байқағысы келмегенін байқау.

Адамның ең бай кезі – алтынға ие болу емес, қайта алтынға сатып ала алмайтын нәрселерге қол жеткізу.

Адамның ең ардақтылығы – оның істеген жақсылығын басқалардың ескеріп жүруі емес, қайта өзінің басқаларға істеген жақсылығын ұмытып қалуы.

Адамның ең ұлылығы – жаңалық ашу емес, қайта жаңалық жарататын адамды тәрбиелей алуы.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

458 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 10 маусым 2013, 09:01
Пікірлер
+0
10 маусым 2013, 13:27

Адамның ең құлазыған кезі – сағынған адамыңның сені күттіруі емес, қайта оның енді қайтып келмесін білуі. ехххх

+0
10 маусым 2013, 14:42

"Адамның ең құлазыған кезі – сағынған адамыңның сені күттіруі емес, қайта оның енді қайтып келмесін білуі."әттең,әттең...................

+0
11 маусым 2013, 23:18

бұрын жазылған еді ғо Массагетте.. тақырыбы есіме түспей тұр, ноутыма жазып алған ем сол кезде...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...