Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Күріш пісіру сырлары

Күріш пісіру сырлары

Күріш пісіру сырлары

Күріш - көптеген тағамдарда қолданылатын, дәмді, сонымен қатар пайдалы жарма түрі. Палау, ризотто, тіпті қарапайым піскен күріш те керемет тағам бола алады. Күрішті бар қасиеттері мен дәмін сақтай отырып қалай пісіру керек?

Оны қабырғалары қалың ыдыста пісірген дұрыс. Қазан, табалардың арасынан ең қалыңын таңдаңыз. Күрішті алдын ала тазалап, жуып, тіпті суға 15 минутқа бұқтырып қоюға болады.

Күрішті пісіргенде оның суы күріштің өзінен екі есе көп болуы керек. Күрішті пісіру барысында қайта-қайта араластыра бермеңіз. Оның дәндері сынғыш болғандықтан, пішінін өзгертуі мүмкін. 1-2 рет араластырсаңыз жеткілікті.

Күріштің пісу уақыты оның түріне байланысты. Қарапайым ұзын және қысқа ақ күріш 20 минут, қоңыр күріш 50 минутта піседі.

Күрішті пісіргенде қатты тұздамаңыз. Ол суды қатты сіңіреді, сонымен бірге тұзды алып, тым тұзды болуы мүмкін. Басында суды сәл тұздап, артынан піскен кезде тағы тұздасаңыз болады.

Пісіру кезінде судың бетіне көбік шықса, оны тездетіп алып тастаңыз, себебі оның құрамында денсаулыққа зиян қосылыстар болады. Күрішке май қосып пісірсеңіз болады, сонда ол сәл майлы болып, тым ылғал болмайды.

Тым ылғалға емес, құрғақ күрішті сүйсініп жесеңіз, күріш піскеннен кейін қалған суын төгіп, күріштің бетін орамалмен жабыңыз. Ол бумен шығатын артық ылғалды өзіне сіңіріп алады. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: kuharka.com

25044 1
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 29 наурыз 2013, 12:36
Пікірлер
+0
29 наурыз 2013, 16:25

Маған керек ақпар екен, күрішті жақсы көрем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...