Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Мәзір: Жүрек-пицца

Мәзір: Жүрек-пицца

Мәзір: Жүрек-пицца

8 наурыз мейрамына арналған мына мәзір кез келген ер кісінің қолынан келеді. Көп шығынды талап етпейтін азық-түлік пен 15-20 минут уақытыңызды талап ететін бұл пицца 8 наурызға арналған романтикалық кешке дәл келеді. Өз жүрегіңізді сүйіктіңізге арнаңыз! Сондай-ақ, әр мәзірде басты құрамдас бөлік - шын ниет пен махаббат екенін ұмытпаңыз.

Құрамы:

  • Пиццаның дайын қамыры;
  • Шұжық;
  • Қызанақ - 1 дана;
  • Болгар бұрышы - 1дана;
  • Сұйық май;
  • Кетчуп немесе томат пастасы;
  • Сыр - 300 гр.

Шұжықты жұқа дөңгелектерге тураймыз.

 

Дайын дөңгелек қамырдан пышақтың көмегімен жүрек пішінін кесеміз. Қисық кесілсе, ештеңе емес, кімнің жүрегі мінсіз дейсіз?

Жүрекке жақсылап сұйық май мен кетчуп жағып, оған табиғи қызыл түс береміз.

Қамырға туралған шұжықты қоямыз.

Оның үстіне жұқа туралған қызанақ пен майда текшелерге бөлінген болгар бұрышын себеміз.

Үстіне үгітілген сырды молынан саламыз. Пиццаны пісіру пешіне 180 градусқа 15 минутқа қоямыз.

Пицца да дайын болды! Мөлдір махаббат, ыстық іңкәрлік тұнған жүректі пиццаның пішініне де салдық. Керемет!

Ас болсын! Ғашығыңызбен бірге ұмытылмас кеш өткізіңіздер! Романтикалық кешкі астың басты тағамы бола алатын мына пицца сүйіктіңізге деген ең ерекше тосын сый болмақ.

27079 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 06 наурыз 2012, 01:00
Пікірлер
+0
06 наурыз 2012, 00:52

мына пиццаны жегім кеп кетті

+0
06 наурыз 2012, 01:41

Мынаны істек керек болды ғой.

+0
06 наурыз 2012, 15:54

8 наурыз! Массагеттіктер күшті дайындықпен келіпті! Оқып үлгере алмай жатырмын! Оу, оу! Қыздар, мерекелеріңмен!

+0
06 наурыз 2012, 18:06

Рахмет! Сені де!!!!

+0
05 мамыр 2012, 16:41

Жасап қарау керек екен

+0
04 наурыз 2013, 17:54

қарным ашты. :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...