Банан қараймас үшін оны қалай сақтау керек?

Банан қараймас үшін оны қалай сақтау керек?
Фото: pixabay.com

Бананды үйге әкелгеннен кейін жылдам қарайып кететінін аңғарған боларсыз. Сүйікті жемісіңіз ұзаққа дейін жеуге жарамды болғанын қаласаңыз, бірнеше қарапайым лайфхакты байқап көріңіз.

Бананды басқа жемістерден бөлек сақтаңыз
Көптеген жемістер мен көкөністер көрші өнімдердің жылдам бұзылуына ықпал ететін зиянды газ — этилен бөледі. Ал банан этиленге ерекше сезімтал келеді. Сондықтан оны басқа жемістер мен көкөністерден алшақ ұстаған жөн.

Бананды іліп қойыңыз
Қазір онлайн-дүкендерден банандарға арналған арнайы ілгіш табуға болады. Мүмкіндік болса, осындай ілгіш сатып алып, банандарды сол жерде сақтаған дұрыс.

Бананды тоңазытқышқа салып қойыңыз
Төмен температура химиялық пісу процесін баяулатады. Сондықтан піскен бананды тоңазытқышта ұстаған жөн. Бұл кезде де бананның сырты жылдам қарайып кетеді, бірақ оның іші жақсырақ сақталады.

Бананның басын полиэтиленді үлбірмен ораңыз
Банан да этилен бөледі, ол олардың пісіп кетуін жылдамдатып, өздеріне зиян келтіреді. Газ түзілуді баяулату үшін банандардың басын аспаздық үлбірмен орап қою керек.

Бананға лимон суын шашыңыз
Егер қабығы ашылған бананның балғындығын сақтау керек болса, оған лимон немесе лайм суын шашыңыз. Цитрусты жемістер тотығу процесін баяулататыны белгілі, сондықтан банан өз дәмі мен текстурасын ұзағырақ сақтай алатын болады.

Бананды қатырып қойыңыз
Жоғарыда айтылған лайфхактарды қолданғанның өзінде піскен банандар өздерінің алғашқы түрін бір аптадан артық уақыт сақтай алмайды. Егер бұл уақыт сізге аз болса, оларды қатырып қоюға болады. Мұздатқышта бананның жарамдылық мерзімі бір айға дейін артады. Әсіресе, банан сізге пісірмелер мен десерттер дайындауға қажет болса, оны мұздатқышқа қатыра бере аласыз.

А. Жапатова