Ағзаны тазартуға көмектесетін 3 сусын
Фото: pixabay.com

Ағзаны тазартуға көмектесетін 3 сусын

Көпшілік қияр қосылған судың ісінумен күресетінін және ағзадағы артық сұйықтықты шығаруға көмектесетінін біледі. Ағзаны тазартуға және зат алмасуды іске қосуға көмектесетін басқа да қарапайым рецепттерді ұсынамыз.

Құлпынай мен насыбайгүл (базилик)

Ингредиенттер:

- 200 г құлпынай;
- ½ буда насыбайгүл;
- 1,5 л су.

Қаражидек (черника) пен жалбыз

Ингредиенттер:

- 150 г қаражидек;
- 2 бұтақ жалбыз;
- ½ лимон;
- 1,5 л су.

Апельсин мен құлпынай

Ингредиенттер:

- 2 апельсин;
- 3-4 бұтақ жалбыз;
- 150 г құлпынай;
- 2 л су.

Ағзаны уыттардан тазартатын суды дайындау ережесі:

- Әйнек бөтелке пайдаланыңыз;
- Таза су қолданыңыз;
- Барлық ингредиенттерді жуып, тазартып, ұсақтап тураңыз;
- Дайын сусынды бөлме температурасында 3-4 сағатқа қалдырыңыз;
- Сусынды салқындатып ішу ұсынылмайды.

А. Жапатова