Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Қарақұмықты жуу қажет пе?

Қарақұмықты жуу қажет пе?

Қарақұмықты жуу қажет пе?

Қарақұмықтың денсаулыққа пайдасы туралы жиі естиміз. Оның үстіне жармалар, әдетте, қымбат тұрмайды. Сондықтан қарақұмық жармасы барлық ас үйде кездесетін өнімнің бірі десек қателеспейміз. Қарақұмықтан ботқа, сорпа және тойымды тамақтың түр-түрін дайындауға болады. Адам ағзасына өте пайдалы қарақұмық жармасынан тағам дайындарда кей ас үй ханшайымдары оны жуса, басқалары жумай-ақ та қолдана береді.

Қарақұмықты пісірер бұрын жуу – жай ұсынылатын кеңес емес, міндетті әрекет. Жалпы кез келген жарманы жуу керек. Себебі жарма тұрған қапқа шаң, топырақ, сапасыз түйіршіктер түсіп кетуі әбден мүмкін. Оған қоса өнімді ұзақ сақтау кезінде кей өндірушілер жарманы зиянкестер мен ауа райы шартынан қорғау мақсатында оларды арнайы химиялық құраммен өңдейді. Нәтижесінде, жуылмаған қарақұмықты пайдалану денсаулыққа зиян болып шығады.

Қарақұмықты міндетті түрде жуудың негізгі себебі – фитин қышқылынан арылу. Фитин қышқылы жармалар мен бұршақ тұқымдастарда табиғи жолмен пайда болады. Ол күрделі эфир болып келеді және мүлдем қарама-қайшы қасиеттерге ие. Бұл қышқыл туралы ас үй ханшайымдары мынаны білуі тиіс: ол жарманың дәмін өзгертеді және оның асқазанмен сіңуін қиындатады. Фитиннен құтылу қиын емес, оны жақсылап жуу жеткілікті: жарманы кәстрөлге салып, үстіне салқын су құйып қойыңыз. Біраздан соң барлық ластық оның бетіне шығып, қарақұмық түбінде қалады. Сол кезде оның суын төгіп, қарақұмықты темір дуршлагқа салып, ағып тұрған судың астында бірнеше қайтара жуу керек. Бұл фитин қышқылын толықтай кетіреді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: vmolo.by
Қосылған күні: 05 ақпан, 16:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->