Қарақұмық жайлы бес қызықты дерек

Қарақұмық жайлы бес қызықты дерек

Қарамұқ – дәмді, пайдалы және құнарлы өнім. Ол ең жақсы диеталық азық болып саналады. Қарақұмық жармасының бидаймен ортақ еш байланысы жоқ және ол дән болып саналмайды. Бұл рауғаш тұқымдасына жататын үшбұрыш ұрық.

1. Құрамындағы баға жетпес аминқышқылдары тұрғысынан қарақұмық ақуызы мал өнімдеріне жақын, сондықтан етпен тең деп саналады. Оған қоса қарақұмық жеңіл қорытылады.

2. Қарақұмық қандағы қант деңгейін тұрақтандырады. Қарақұмық ботқасын тұтынғаннан кейін, қант деңгейі ақырын көтеріледі. Басқа көмірсулы азық-түліктерді тұтынғанда қант бірден көтеріледі.

3. Қарақұмық жармасы фолий қышқылына бай. Фолий қышқылы ағзаның сыртқы жағымсыз әсерлерге төтеп беруін қамтамасыз етеді.

4. Қарақұмық – экологиялық таза өнім. Бұл геномодификацияға ұшырамаған өсімдіктердің бірегейі десек болады. Әр түрлі нитрат, пестицидтер мен гербицидтер қарақұмықта жоқ. Бұл өсімдік химикаттарға зәру емес. Ол ешқандай тыңайтқышсыз өз бетінше өседі, ал арамшөптер мен егін жауларымен өз бетінше күреседі.

5. Қарақұмық жармасының бастық қасиеттерінің бірі обырдан қорғайды. Құрамындағы флавонидтердің арқасында ісіктің өсуінің алдын алады. Бұл әсіресе қазіргі экологиялық жағдайда маңызды. Обырға қарсы қасиетінен өзге, тромбоз қаупін төмендетеді, қан тамырларын жағымсыз холестериннен тазартуға септігін тигізеді және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. 

Сурет: www.likar.info

Дайындаған: Анар Мұстафина

А. Құлтай