Маусымдық өнімдер: Қыркүйекте не алуға болады?

Маусымдық өнімдер: Қыркүйекте не алуға болады?
Фото: pixabay.com

Қазір дүкеннен қай уақытта болмасын кез келген өнімді табуға мүмкіндік бар. Мысалы, қыста да дүкеннен қарбызды табуға болады. Бірақ маусымдық көкөністер мен жемістер дәмді, пайдалы әрі арзан болып келеді. Ендеше, қыркүйек айында қандай көкөністер мен жемістерді тиімдірек алуға болатынын ұсынамыз.

Асқабақ. Асқабақ – пайдалы дәрумендерге және фтор, магний, кальций, мырыш, фосфор және йод элементтеріне бай көкөніс. Қыркүйек айында асқабақ арзанырақ болады. Сондықтан отбасыңызға асқабақ қосылған дәмді манты пісіруіңізге болады. Сонымен қатар, асқабақтан тәбетті ашатын салаттың рецептісін ұсынамыз.

Картоп. Қыркүйекте жаздағыдай жас картоп аз кездесуі мүмкін, бірақ оның дәмді әрі арзан түрін табуға болады. Картоп ұзақ сақталуы үшін оны тоңазытқышқа салмаңыз.

Жүгері. Қыркүйек айында жүгері арзандайды, бірақ дүкен сөрелерінде ұзақ тұрмайды. Келесі жылдың жазына дейін консервіленген түрін алу керек болады. Алайда жүгеріні тоңазытшқышқа мұздатып қоюға болатынын ұмытпаңыз.

Болгар бұрышы. Қыркүйекте да арзанырақ болады. Болгар бұрышының ағзаға пайдасы мол. Сондықтан оны тоңазытқышқа мұздатып қою қыста да оның пайдалы дәрумендерін алуға мүмкіндік береді.

Алма. Ғалымдар адам күніне бір алма жеп отырса, әртүрлі аурулардың алдын алады деген тұжырымдамаға келді. Қыркүйек айы – алманың маусымы. Бұл айда дүкен сөрелеріне алманың түрлі сұрыптары келеді.

Алмұрт. Қыркүйек айының тағы бір маусымдық жемісі – алмұрт. Алмұрт әлсіреген ағзаға күш береді. Сондықтан күздегі тұмаудың алдын алу үшін бұл жемісті жеп тұрыңыз.

Қараөрік. Қараөрік ағзадағы барлық қажет емес қоқысты сыртқа шығарады. Ол сонымен қатар, бәлішке арналған шырынды салынды болып келеді.

Қауын. Қыркүйекте қауын тәтті, арзан және міндетті түрде піскен болып келеді. Сондықтан таңдауға уақыт жұмсамай, кез келгенін алып жүре беріңіз.

Қарбыз. Қыркүйек айында қарбызды да қауын секілді ойланбастан таңдай беруіңізге болады.

А. Жапатова