Массагеттен мәзір: "Жерорта теңіздік" салаты

Массагеттен мәзір: "Жерорта теңіздік" салаты
Фото: massaget.kz

Қазір дұрыс тамақтанудың маңызын түсініп, оны ұстанатын адамдар саны артуда. Пайдалы әрі тойымды салаттың бірі – "жерорта теңіздік" салат. Майонезсіз жасалатын салаттың дайындалу жолын ұсынамыз.

Қажетті азық-түліктер:

- орамжапырақ (немесе салат жапырағы);
- 3 қияр;
- 3 қызанақ;
- дәнегі жоқ қара зәйтүн;
- 3 жұмыртқа;
- 1 шай қасық қаймақ;
- тұз;
- аскөк;
- 1 ас қасық өсімдік майы;
- 1 ас қасық лимон суы.

Орамжапырақты жіңішке етіп тураймыз.

Қиярды орташа етіп тураймыз.

Қызанақты да орташа етіп тураймыз.

Зәйтүнді саламыз.

Жұмыртқаның ағын жіңішке етіп тураймыз.

Салатқа 1 ас қасық өсімдік майы мен 1 ас қасық лимон суын, аздап тұз салып, барлығын араластырамыз.

Жұмыртқаның сарысына 0,5-1 шай қасық қаймақ және ұсақтап туралған аскөкті, аздап тұз салып, барлығын араластырамыз. 

Одан қолмен шағын шарлар жасаймыз. Оның тығыз болғаны жақсы, сондықтан қаймақ көп қоспаңыз.

Шарларды салаттың бетіне салып шығамыз.

"Жерорта теңіздік" салат дайын!

А. Жапатова