Массагеттен мәзір: Саңырауқұлақ сорпасы

Массагеттен мәзір: Саңырауқұлақ сорпасы
Фото: massaget.kz

Саңырауқұлақ сорпасы – қанық иісі бар, тәбетті ашатын және күнделікті асқа ерекшелік сыйлайтын тағамның бірі. Ол түрлі әдіспен дайындалады. Саңырауқұлақ сорпасының қарапайым дайындалу жолын ұсынамыз.

Қажетті азық-түлік:

– ет;
– 200-300 г саңырауқұлақ;
– 1 пияз;
– 1 сәбіз;
– 2-3 картоп;
– кеспе.
– тұз, дәмдеуіштер.

Алдымен кез келген еттен (біз тауық етін қолдандық) сорпа дайындаймыз. Ет піскен соң, оны турап, қайтадан сорпаға саламыз.

Пиязды ұсақтап турап, сәбізді үккіштен өткіземіз.

Табаға аздап май құйып, оған пияз бен сәбізді қуырамыз.

Одан соң оған туралған саңырауқұлақты салып, аздап тұз бен бұрыш салып, тағы біраз қуырамыз. Содан соң оны сорпаға саламыз. Саңырауқұлақтың қандай түрін алу өз еркіңізде. 

Картопты орташа төртбұрышты етіп турап, сорпаға саламыз.

Сорпаның картобы піскен кезде кеспе саламыз. Егер сұйық сорпаны ұнатсаңыз, кеспе салмай-ақ қоюға болады. 

Сорпаның тұзын тексереміз. Кеспе піскен кезде, отты сөндіреміз. Қалауыңызға қарай аскөк қосуға болады. 

Саңырауқұлақ сорпасы дайын!

А. Жапатова