8 наурыз салаты

8 наурыз салаты
Фото: massaget.kz

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен анаңызды, сүйкімді қарындасыңызды, әпкеңізді және сүйген қызыңызды қуантудың, сыйлық жасаудың түрлі тәсілдері бар. Тіпті өз қолыңызбен түрлі бұйымдар немесе жасалу тәсілі оңай салат жасап жақын жаныңызды қуантуға болады. Ендеше мереке дастарқанының көркін аша түсетін, жасалу жолы өте оңай "8 наурыз" салатын назарларыңызға ұсынамыз.

Қажетті азық-түліктер:

- 3 қайнатылған жұмыртқа

- 3 ас қасық майонез;

- Краб таяқшалары (крабовые палочки);

- Жүгері (кукуруз)

Қайнатылған 3 жұмыртқаны қатты майдаламай орта етіп турайсыз.

Краб таяқшаларын да жұмыртқа секілді бір формада турап аласыз.

Жұмыртқа мен краб таяқшаларын үлкендеу бір ыдысқа салып, майонезбен  араластырып алу керек.

Үлкендей тәрелкенің ортасына дөңгелек ыдыс қойып, 8 санының формасын жасап, араластырып алған жұмыртқа мен краб таяқшаларын шетіне қойып шығасыз.

Одан кейін 8 санының бетіне жүгеріні қойып шығасыз. Сары түс тәбет ашып, салаттың да сәнін келтіре түседі. 

Өз қалауыңыз бойынша "8 наурыз" салатын әрлеуіңізге болады. Мәселен, мен қайнатылған сәбіз бен аскөкті, шұжықты пайдаландым. Сәбіз орнына анар жемісін қолдануға да болады. Қызыл түс салатыңыздың әрін келтіреді.

Мереке құтты болсын және астарыңыз дәмді болсын!

Н. Үсенова