Блендердің түрлері

Блендердің түрлері
Фото: vsesoki.ru

Блендер – сізді жемістен және көкөністен жасалған смузимен, крем-сорпамен, шайқалған кілегеймен, уақталған мұзбен және т.б тағамдармен қамтамасыз ететін құрал. 

Блендердің батырылмалы (погружной) және стационарлық түрлері болады.

Батырылмалы блендердің ішкі моторы бар пластикалық немесе металл «сабы» және айналмалы қондырмалары болады. Батырылмалы блендер кез келген ыдыста немесе өзінің ыдысында тағамды ұсақтайды, араластырады және шайқайды. Мұндай блендердің артықшылығына жинақтылығын, аз үлесті тағамдарды өңдеуін, пышақ жағдайын өзіңіз ауыстыру мүмкіндігін және қондырмаларына байланысты көп функциялы болуын жатқызады. Ал оның кемшілігіне блендерді ұстап тұру керектігі жатады және ыдыстың ішіндегісі сыртқа шашырауы мүмкін. Жұмсақ жемістер мен көкөністерден коктейль немесе сорпа дайындағанды ұнатсаңыз және көбінесе тамақты аз үлестен жасасаңыз, батырылмалы блендер таңдауыңызға болады.  

Стационарлық блендер түбінде пышағы бар құмырадан және моторлы негізден тұрады. Стационарлық блендердің артықшылығына сіздің қатысуыңызды қажет етпеуін және оның ішіне көп мөлшерде сорпа мен сусын дайындау ыңғайлылығын жатқызуға болады. Стационарлық блендер батырылмалыға қарағанда бағасы арзанырақ тұрады. Оны күту жеңіл, себебі олардың көпшілігінде өзін-өзі тазалау функциясы бар. Ал оның басты кемшілігіне аз тамақ үлесін (көп жағдайда 250 мл артық) дайындауға болмайтындығы жатады. Стационарлық блендер батырылмалыға қарағанда көлемді болып келеді. Сонымен, көп мөлшерде смузи немесе коктейльдер дайындасаңыз, стационарлық блендер таңдағаныңыз жөн. Бұл құрал спортшыларға, вегетариандарға және салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарға өте қажет.

А. Жапатова