- Негізгі бет
- Аспаздық
- Ыстық таңғы ас...
Ыстық таңғы ас дайындайық!
Күнде ботқа пісіру мен жұмыртқа қуырудан жалығып, отбасы мүшелерін ерекше тағаммен қуантқымыз келетіні рас. Көп уақыт алмайтын және дайындалуы жеңіл ыстық таңғы астың бір түрін ұсынамыз. Бұл тағамға тойымды тамақтанғанды ұнататын ер адамдар міндетті түрде жақсы баға береді.
Қажетті азық-түліктер:
- 6 нан тілімі;
- 3 тілім шұжық;
- 3 тілім қызанақ;
- ірімшік;
- аскөк;
- 3 жұмыртқа;
- 3-4 ас қасық сүт;
- тұз.
Нан тілімінің жартысы бүтін, қалған нан тілімінің ортасын ойып алыңыз.
Қызанақ пен шұжықты турап, ірімшікті үккіштен өткіземіз және аскөкті ұсақтаймыз.
Жұмыртқа мен сүтті араластырып, оған нан тілімдерін батырып аламыз.
Қаңылтыр табаға пергамент қағаз жайып, оған алдымен бүтін нан тілімдерін қойып шығамыз. Оның үстіне ірімшікті және аскөкті саламыз.
Одан соң шұжық пен қызанақты қойып шығамыз.
Ойығы бар нан тілімдерін қойып, оның ойығына жұмыртқа құямыз. Аздап тұз сеуіп жібереміз. 180 градуста қыздырылып тұрған пеште жұмыртқаның ақуызы ағарғанша ұстаймыз.
Ыстық бутерброд дайын!
А. Жапатова