Ас үй ханшайымдарына кеңес: ботқа пісіру

Ас үй ханшайымдарына кеңес: ботқа пісіру
Фото: rus-list.ru

Ботқа дәмді болуы үшін оны тым қайнатып жібермей, уақытылы оттан алу керек. Алайда көбіміз ботқаның қанша уақыт пісуі керек екенін нақты білмейміз.

1. Күріш 15–20 минут қайнайды. Күріш ботқасын жасағыңыз келсе, су мен күріш қатынасы 2:1-ге тең болуы керек. Оны кішігірім кәстрөлге қайнату керек.

2. Тары – 25–35 минут қайнайды. Тарыны қайнатпас бұрын жылы суда жуып алыңыз. Оны баяу отқа қойып, қайнату керек.

3. Қарақұмық 20–25 минут қайнайды. Бір стақан қарақұмықты қайнату үшін 2,5 стақан су керек. Оны баяу отқа қойып, араластырмай пісіріңіз.

4. Арпа жармасы 40 минут–1,5 сағат қайнайды. Оны кішігірім ыдыста, мол суға салып, қайнату керек. Қайнатпас бұрын жарманы 5 сағат бұрын ыстық суға салып қойған жөн.

5. Ұнтақ ботқасы 15 минут қайнайды. Су немесе сүтті қайнауына біраз уақыт кетеді. 2 ас қасық жармаға 200 мл су керек.

6. Сұлы жармасына қайнаған су құйып, 4 сағат ұстау керек. Содан соң 30 минут бойы баяу отта қайнатыңыз. Ұнтақталмаған сұлы 2 сағат қайнайды.

7. Сұлы қауызы 3–5 минут баяу отта қайнайды.

8. Бұлғыр жармасы 15–20 минут қайнайды. Оның қақпағын жауып, баяу отқа қойып, пісіру керек.

9. Жасыл және қызыл жасымық 30–35 минут қайнайды. Ал қоңыр жасымық 20 минутта дайын болады.

10. Жүгері жармасы 30 минут бойы қайнайды. Оны тұзды суда пісіру керек.

Ас болсын!

Ф. Абилова