- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Корн-дог...
Массагеттен мәзір: Корн-дог
Корн-дог – жүгері ұнынан дайындалатын көше тағамы. Ол қолжетімді ингредиенттерден жеңіл дайындалады. Корн-догты кетчуп немесе қыша тұздығымен ұсынады. Қолда жүгері ұны болмаса, қарапайым ұнмен де дайындауға болады.
Қажетті азық-түліктер:
- 8 сосиска;
- 1 жұмыртқа;
- 0,5 стақан сүт;
- 1 стақан ұн;
- 1 шай қасық тұз;
- 1 ас қасық қант;
- 2 шай қасық қопсытқыш;
- 1 шай қасық дәмдеуіш;
- ұзын таяқшалар.
Қуыруға ыңғайлы болуы үшін сосискаларды тең екіге бөліңіз.
Сосискаларға таяқшаларды қадап шығыңыз.
Ыдысқа ұн, қопсытқыш, тұз, қант және дәмдеуішті (қалауыңызға қарай) араластырасыз.
Құрғақ ингредиенттерге жұмыртқаны салып араластырасыз.
Одан соң оған сүтті құйып, біркелкі болғанша араластырасыз. Сосискаларды батыруға ыңғайлы болуы үшін дайын қамырды стақанға құйып алғаныңыз жөн.
Алдымен сосисканы ұнға бұлғап аласыз.
Содан соң оны қамырға саласыз.
Қызып тұрған майға қызарғанша 1-2 минут шамасында қуырасыз. Қуыруға ыңғайлы болуы үшін кішкентай дөңгелек ыдыс болғаны жақсы.
Корн-дог дайын!
Дайын кепкен нан ұнтағы (панировочные сухари) бар болса, сосиканы қамырға батырған соң оны үстіне сеуіп жіберіп қуырсаңыз да болады.
Астарыңыз дәмді болсын!
А. Жапатова