Тұздық дайындап үйренейік

Тұздық дайындап үйренейік
Фото: lowcostholidays.com

Йогурттан және қаймақтан жасалатын аз калориялы тұздық (соус) түрлерін дайындау жолдарын ұсынамыз. Йогурттың қоспасыз түрін таңдағаныңыз жөн.

1. 1 стақан йогуртқа 2 ас қасық лимон шырынын, аскөк және аздап тұз қосып, жақсылап араластырыңыз.

2. 1 стақан қаймаққа 1 ас қасық дайын ақжелкен салып, араластырыңыз. Бұл тұздық балықтан дайындалған тағамдармен жақсы үйлесім табады. 

3. 1 стақан қаймақ пен соя тұздығын (қалаған мөлшерде) араластырып, балыққа арналған тағы бір тұздық дайындауға болады.

 4. 1 стақан йогуртқа ұсақталып туралған алма және карри ұнтағын салып, жақсылап араластырыңыз. Бұл "карри тұздығы" деп аталады.

5. Қызанақ, аскөк, көк жуа және сарымсақты  ұсақтап тураңыз. Аздап қара бұрыш қосып, 1 стақан қаймақпен жақсылап араластырыңыз. Бұл тұздық қуырылған етпен жақсы үйлеседі.

6. 1 стақан йогуртқа немесе қаймаққа ұсақтап туралған тұздалған қияр және алма қосып, аздап қыша, тұз және қара бұрыш салып, барлығын араластырыңыз. 

А. Жапатова