Сүтті күйдірмей қалай пісіруге болады?

Сүтті күйдірмей қалай пісіруге болады?
Фото: gourmetgetaways.com

Көп жылдан бері мамандар сүттің пайдасы мен зиянына байланысты зерттеулер жүргізіп келеді. Десе де, ол көпшіліктің сүйікті сусыны болып қала беруде. Оны пісіру өте қарапайым болып көрінгенімен, тәжірибені талап етеді. Сондықтан, кезекті материалымызда оны қалай қайнату керектігі туралы бірнеше кеңес ұсынамыз.

- ыстық сүт өзіне түрлі иісті жылдам сіңіретіндіктен, оны таза ыдыста қайнату керек;

- егер оны түбі қалың кәстрөлде қайнататын болсақ, күймейді;

- сүтті қайнатпас бұрын ыдысты суық сумен шайып жіберген жөн;

- бетінде көпіршіктер пайда болмас үшін жиі араластыру керек. Ал, қайнаған соң бірден суытыңыз;

- құрамындағы дәрумендер сақталу үшін 3 минуттан артық қайнатпаған дұрыс;

- пісіру барысында қант қосып жіберсеңіз, күймейді;

- жарық жерде дәрумендерінен айырылатындықтан, оны қараңғы жерде сақтаңыз.

Г. Берік