Макарон туралы қызықты деректер

Макарон туралы қызықты деректер
Фото: Вконтакте

Күнделікті тағамдардың да өз ерекшеліктері мен қызықтары бар. Соның ішінде макарон туралы сіз білу керек біраз қызық бар.

Макарон – әлемдегі ең өтімді және ең көп таралған тағам түрі.

Италияда «макаронды» «паста» деп атайды. Бұл «макаронның ұны» деген мағына білдіреді.

Егер жыл сайын италиядағы халықтың жейтін макаронын бір тұзу сызықтың бойына қойса, оның ұзындығы 600 миллион километр болатын еді. Ал бұл дегеніңіз жер шарын 15 мың рет айналып шығуға жетеді.

Жер бетінде макаронның 400-600 түрі кездеседі.

Макарон өндіретін мекемелер көп. Солардың екі атақтылары қазір екеу: IPO және AIDEPI компаниялары.

Макаронның да төл мерекесі бар. 25 қазан – бүкіләлемдік макарон күні екенін білесіз бе?! Ал Италияның Граньяно қаласында 24 қараша күні макаронның туған күнін атап өтеді.

Алғаш макарон дайындайтын машина италияда 1819 жылы ойлап табылды.

Тарихтағы алғашқы сапалы макаронды халыққа ұсынған Il Pastifico Buitoni команиясы. 1827 жылы.

Макарон туралы әдебиетте ең бірінші болып қалам түрткен Джованни Бокаччо 1350 жылы өзінің «Декамерон» романында жазған.

Н.Гогольдің ең сүйікті тамағы – макарон болған.

Қазіргі таңдағы ең тез дайындалатын макарон машинасын жапония елі дайындап шықты. Авторы Андо Момофуки. 1958 жылы бұл машина өндіріске енді.

Ағылшын азаматы Питер Даудесуэл 91,14 метрлік макаронды 12,01 секунтта жеп қойған. 

М. Ақан