Массагеттен мәзір: Гаспачо

Массагеттен мәзір: Гаспачо
Фото: massaget.kz

Гаспачо — испан ас үйінің тағамы. Ол суық күйінде ұсынылатын болғандықтан, көбінесе жаз мезгілінде дайындалады. Гаспачо сорпасының түрлі дайындалу жолы бар. Бүгінгі материалда гаспачо сорпасын әзірлеудің бір әдісін ұсынамыз. 

Қажетті азық-түліктер:

- 4 қызанақ;
- 2 қияр;
- 1 болгар бұрышы;
- 3 сарымсақ бөлігі;
- 2 нан тілімі;
- дәмдеуіштер.
 

Болгар бұрышын орташа етіп тураймыз.

Қиярды төртбұрышты етіп тураймыз.

Қызанақты орташа етіп тураймыз.

Сарымсақты ұсақтап тураймыз.

Нан тілімдерін де орташа етіп тураймыз.

Барлығын бір ыдысқа салып, дәміне қарай тұз, қара бұрыш және дәмдеуіштер қосамыз. Аздап өсімдік майын құямыз.

Барлық ингредиентті жақсылап араластырып, 20 минутқа тоңазытқышқа салып қоямыз. 

Табаға нан тілімдерін салып, аздап тұз бен қара бұрыш қосып, қызарғанша қуырамыз.

Тоңазытқыштағы қоспаны алып, ішіндегі азық-түліктер езбе болғанша блендермен араластырамыз.

Гаспачо сорпасы дайын! Бұл сорпаны қытырлақ нанмен ұсынады. 

А. Жапатова