Мәзір: Тортқа арналған бисквит

Мәзір: Тортқа арналған бисквит
Фото: Димаш Гүлжанат

Торт пісіруде әркім әртүрлі тәсіл қолданады. Торттың түрі тартымды, дәмі тіл үйірерлік болуы үшін бисквиті көтеріліп, жақсы шыққаны маңызды. Массагет сайтының тұрақты қолданушысы Гүлжанат Димаш бірер ай бұрын "Бал қосылған торт" мәзірімен бөліскен еді, енді бисквитті қалай дайындайтынын көрсеткен екен. Таныс болыңыздар.

Қажетті азық-түліктер: 
- 6 жұмыртқа; 
200 гр қант; 
1 ванилин;
150 гр ұн.

Жұмыртқаның ақуызы мен сарысын екі ыдысқа бөлеміз. Бірінші ыдысқа ақуызды саламыз.

Екінші ыдысқа жұмыртқаның сарысын саламыз. Жұмыртқаны салмас бұрын ыдыстардың құрғақ болуын тексеріңіз. 

Жұмыртқаның ақуызына қанттың жартысын салып миксермен араластырамыз.

Оның үстіне ванилин салып тағы араластырамыз.

Жұмыртқаның ақуызын суретте көрсетілгендей қоймалжың күйге енгенше араластырыңыз.

Жұмыртқаның сарысына қанттың қалған жартысын салып, миксермен жақсылап араластырамыз.

Жұмыртқа сарысының үстіне жұмыртқаның ақуызынан жасалған қоспаны құямыз.

Арнайы аспаздық қасықпен абайлап астын үстіне қозғау арқылы араластырамыз. Араластырған кезде жайлап қозғаған жөн, себебі көпіргені басылып қалуы мүмкін.

Содан соң ұнды 2-3 рет бөліп саламыз. Жайлап араластырамыз.

Қалыпты майлап оған дайын қамырымызды құямыз.

180 градуста қызып тұрған пеште 35-40 минут шамасында пісіреміз.

Торттарға арналған бисквит дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Массагеттік достарыңызбен бөліскіңіз келетін ерекше мәзіріңіз болса, оны поштамызға сапалы суреттерімен бірге жолдауыңызға болады. Поштамыз: massagetkz@gmail.com

А. Жапатова