- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Жүгері...
Массагеттен мәзір: Жүгері қосылған сорпа
Жүгері қосылған сорпа – өте пайдалы диеталық тағамның бірі. Жүгерінің құрамында B1, B2, PP дәрумендері және фосфор, мыс, темір элементтері бар. Ендеше күнделікті ас мәзіріне қосуға болатын жүгері сорпасының дайындалу жолын ұсынамыз.
Қажетті азық-түліктер:
- ет сорпасы;
- 3 картоп;
- 1 сәбіз;
- 250 гр консервідегі жүгері;
- 1 балқытылған ірімшік (50 гр);
- тұз, қара бұрыш.
Қазанға су құйып, ет саламыз. Суды ет піскенше қайнатамыз. Ет піскен соң, қазаннан алып, турап қайтадан қазанға саламыз. Сорпаға дәміне қарай тұз және қара бұрыш саламыз.
Сәбізді үккіштің ұсақ көзінен өткізіп, оны қазанға саламыз.
Картопты төртбұрышты етіп тураймыз да, сорпаға саламыз. 10-15 минут қайнатамыз.
Картоп піскен соң, сорпаға консервіленген жүгері саламыз.
Балқытылған ірімшікті төртбұрышты етіп тураймыз, сорпаға саламыз. Ірімшік толықтай ерігенше сорпаны қасықпен араластырып тұрамыз.
Жүгері қосылған сорпа дайын! Астарыңыз дәмді болсын!
А. Жапатова