Массагеттен мәзір: "Инсолито" салаты

Массагеттен мәзір: "Инсолито" салаты
Фото: massaget.kz

"Инсолито" сөзі итальян тілінен аударғанда ерекше деген мағынаны білдіреді. Дастарқанның көркін келтіретін әдемі әрі дәмді "инсолито" салатын дайындау жолын ұсынамыз.

Қажетті азық-түліктер: 
- 2 алма;
- 1 кішілеу пияз;
- грек жаңғағы;
- 50 гр ірімшік;
- 1 піспеген кішілеу қызылша;
- 2 ас қасық қаймақ;
- тұз.

 2 алманы аламыз.

Суреттегідей етіп екі бөлікке бөлеміз.

 Алманың сыртқы қабығын қасықпен немесе пышақпен тазартып аламыз.

 Алманың ішін турап, ыдысқа саламыз.

 1 кішілеу пиязды ұсақтап тураймыз.

 Грек жаңғағын ұсақтаймыз.

Ірімшікті үккіштің ірі көзінен өткіземіз.

 Шикі қызылшаны да үккіштің ірі көзінен өткіземіз.

 Барлығына аздап тұз салып, қаймақпен араластырамыз.

"Инсолито" салаты дайын! Ас болсын!

А. Жапатова