- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Құймақты...
Массагеттен мәзір: Құймақты безендіру
Бүгін құймақтарды дастарқанға әдемі әрі ерекше етіп қоюды үйретеміз.
Алдымен құймақтарды пісіріп аламыз. Біздің бұған дейін көрсеткен құймақтар мәзірін қолдануыңызға болады.
Дайын құймаққа мейіз қосылған арнайы сүзбе жағамыз. Содан соң жіңішке етіп ораймыз.
Келесі құймаққа қызыл түсті тосап жағамыз. Мен таңқурай тосабын пайдаландым. Құймақты жіңішке етіп ораймыз.
100 гр көкнәрді (мак) 70 мл сүтпен араластырып қайнатыңыз. 2 ас қасық қант салып, тағы да жақсылап араластырыңыз. 15 минут жай отта ұстаңыз. Дайын көкнәр қоспасын құймаққа жағамыз. Құймақты жіңішке етіп ораймыз.
Суретте көрсетілгендей көлемі үлкендеу құймақтың үстіне жіңішке етіп оралған үш құймақты қоямыз.
Барлығын ораймыз. Пышақпен кесіп шығамыз.
Ерекше құймақтарымыз дайын.
Құрметті Массагет оқырмандары, өздеріңіз жасаған мәзірлеріңізді суретке түсіріп, massagetkz@gmail.com поштасына жолдауларыңызға болады. Суреттер сапалы болса, міндетті түрде жариялаймыз. Егер суретке түсіруге мүмкіндігіңіз болмаса, рецептісін жазып жіберіңіз. Асыға күтеміз!
А. Жапатова