Массагеттен мәзір: Сүзбе кексі

Массагеттен мәзір: Сүзбе кексі
Фото: massaget.kz

Құрметті оқырман, бүгін біз сіздерге сүзбе кексінің жасалу жолдарын көрсетпекпіз. Қане, оны бірге дайындайық! 

Сүзбе кексін дайындау үшін қажет азық-түліктер тізімі:

- 250 гр сүзбе;

- 2 жұмыртқа;

- 150 гр қант;

- 100 гр мейіз;

- 150 гр кілегей маргарині;

- 1-2 стақан ұн;

- 1 шай қасық сірке суы;

- 1 шай қасық ас содасы.

1. 2 жұмыртқаны миксермен араластырамыз. Одан соң қант қосамыз.

2. Жұмыртқаны қантпен бірге араластырамыз. Сүзбені тоңазытқыштан алдын ала шығарып қойыңыз. Бөлме температурасында болуы тиіс.

3. Келесі сүзбені де миксермен араластырамыз. Кілегей маргаринін ерітіп құямыз.

4. Кесеге 1 шай қасық сірке суы мен ас содасын араластырып алып, қоспаның үстіне құямыз. 

5. Қамырымыз қоймалжың болғанша ұн саламыз. Менде 1 стақан ұн кетті. Сіздің сүзбеңіздің майлылығына байланысты ұнның мөлшері әртүрлі кетуі мүмкін.

6. Дайын қамырға мейіз қосамыз.

7. Кекс пісіретін арнайы ыдыстарға салып шықтым. Кез келген пісіруге арналған ыдысқа салсаңыздар болады. Пеште 180 градус температурада 30-40 минутқа қойыңыз.

8. Сүзбе кексі дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

А. Жапатова