- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Нәзіктік...
Массагеттен мәзір: Нәзіктік торты
Бүгінгі мәзірімізде нәзіктік тортының дайындалу жолын ұсынып отырмыз. Өте жұмсақ, дәмі тіл үйіреді.
Нәзіктік тортын әзірлеу үшін екі бисквит дайындаймыз. Бірінші бисквитке қажетті азық-түліктер:
- 3 жұмыртқа;
- 1 йогурт;
- 2 стақан қант;
- 1 стақан сұйық май;
- 1 қопсытқыш;
- 3 стақан ұн.
Ескерту: Мұндағы стақан дегеніміз йогурттың ыдысы.
1. Жұмыртқаны миксермен араластырамыз.
2. Йогуртты қосып тағы да миксермен араластырамыз. Йогурттың ыдысын тазалап аламыз. Ыдыстың ішін екі рет қантпен толтырып, дайындап жатқан қамырымызға саламыз.
3. Келесі 1 стақан сұйық май құйып миксермен араластырамыз.
4. 3 стақан ұн саламыз.
5. Ұнды қопсытқышпен араластырамыз.
6. Қамырымыз дайын.
7. Қамырымызды ыдысқа салып, пешке 180 градуста 30 минутқа қоямыз.
Екінші бисквитті дайындау үшін төмендегі азық-түліктер қажет:
- 3 жұмыртқа;
- 200 гр қант;
- 200 гр кілегей майы;
- 2 шай қасық какао;
- 1 шай қасық ас содасы;
- 1 шай қасық сірке суы;
- 250 гр ұн.
1. 3 жұмыртқаны миксермен араластырамыз.
2. Жұмыртқа мен қантты араластырған соң кілегей майын ерітіп құямыз.
3. 2 шай қасық какао және 1 ас қасық қара түсті тосап сұйығын құйсаңыз болады.
4. Келесі ұн саламыз және 1 шай қасық ас содасы мен 1 шай қасық сірке суын араластырып, құйып жібереміз.
5. Қамырымызды пешке 180 градус температурада 40 минутқа қоямыз.
Крем дайындау үшін бөлме температурасында тұрған 250 гр кілегей майын ыдысқа саламыз. Оны миксермен араластырамыз. Одан соң қоюлатылған сүтті аламыз. Кілегей майдың үстіне қоюлатылған сүт біткенше 1-2 қасықтан құйып, араластырып отырамыз.
6. Бірінші дайындаған бисквитіміздің үстіне крем жағамыз.
7. Одан соң екінші бисквитті қойып, крем жағамыз.
7. Жүгеріні үккіштен өткізіп, кремді жүгері үгіндісімен жауып, безендіреміз.
8. Тортымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
А. Жапатова