Арықтауға көмектесетін сусындар

Арықтауға көмектесетін сусындар
Фото: rudaki.ru

Әдетте диета ұстаған кезде жейтін тағамдарымызға назар аударып, олардың калориясын есепке алып отырамыз. Ал ішкен сусындарымызға мән бермейміз. Біз ішетін сусындардың да арықтауға пайдасы мол. Сондықтан кезекті материалымызда денсаулықты жақсартып қана қоймай, арықтауға да көмектесетін сусындар тізімін ұсынамыз.

1. Көк шай

Ол антиоксиданттарға бай болғандықтан, қажетсіз калорияны күйдіреді. Май алмасуды реттейді. Сондықтан күніне кем дегенде 3 шыны көк шай ішкен жөн. Қысымы төмен адамдарға көк шайды көп ішуге тыйым салынады.

2. Джиллиан Майклстың детокс суы

Уытсыздандыру (детоксикация) процессі метаболизмді жылдамдатады. Осыны ескерген әйгілі жаттықтырушы Джиллиан Майкл өзі ойлап тапқан сусынды диета кезінде ішуге кеңес береді.

Детокс судың құрамы: 1,8 л таза су, 1 шай қасық қант, 1 шай қасық мүкжидек шырыны, 2 шай қасық лимон шырыны, бақбақ тамырынан жасалған 1 қорап шай.

Әзірленуі: барлығын жақсылап араластырамыз. Егер артық салмақтан жылдам арылғыңыз келсе, күніне осы сусынан 1,8 л ішкеніңіз жөн.

3. Зімбір, түмен, жалбыздан әзірленген шай

Осы шөптерден жасалатын араб шырынын әлемнің диетолог мамандары мақұлдап, диета ұстаған кезде ішуге кеңес береді.

Құрамы: 1 шай қасық зімбір, 1 шай қасық түмен, бірнеше жалбыз жапырағы, 1 шай қасық көк шай.

Әзірленуі: барлығын араластырып, үстіне ыстық су құямыз. 10 минутқа қалдырамыз. Метаболизмді жақсарту үшін тамақтың алдында ішу қажет.

4. The Biggest Loser

Әйгілі фитнес жаттықтырушысы Ким Лайонс «The Biggest Loser» атты сусын ойлап тапқан екен. Бұл сусын денедегі артық майды күйдіреді.

Құрамы: 2 л су, 6 грейпфрут, 1 мандарин, ½ қияр, 2 жалбыз жапырағы.

Әзірленуі: барлығын жақсылап араластырамыз. 2 сағатқа қалдырамыз. Ішер кезде бірнеше мұз қосамыз.

5. Дәрігер Озаның құпия сусыны

Әйгілі « Dr. Oz. Show» телебағдарламасының жүргізушісі, америкалық дәрігер Оза құрамында С дәрумені көп жемістен жасалған сусын ойлап тапқан екен.

Әзірленуі: 1 стақан грейпфрут шырыны мен 2 шай қасық сірке қышқылын араластырамыз. Егер шырын тым қышқыл болса, бал қосуға болады.

6. Какос суы

Бұл шырынды Жизель Бюндхен, Дайтцен Крез, Миранда Керр секілді келбеті мінсіз сәнбикелер жақсы көреді. Адам какос шырынын ішкен кезде өзін тойып тұрғандай сезеді. Яғни тамақты аз ішуімізге әсер етеді.

7. Майды күйдіретін шырын

Сусынды дұрыс тамақтану саласының маманы Линда Вагнер ойлап тапқан. Оның да құрамында С дәрумені көп. Метаболизм процессін жылдамдатуда үлкен рөл атқарады.

Құрамы: 1 алқызыл грейпфрут, 2 дәнінен тазартылған апельсин, жалбыз, 1 ромэн жапырағы.

Әзірленуі: апельсин мен грейпфрут шырынын бір ыдысқа сығамыз. Ромэн жапырағы мен жалбызды майдалап тураймыз. Артынша барлығын араластырамыз.

8. Мүкжидек суы

Арықтау кезінде тағамның құрамында міндетті түрде диуретиктер болуы тиіс. Ол ағзадан суды шығаруға арналған несепайдағыш заттар. Мүкжидек шырыны суды ағзадан шығаруға әсер етеді. Оны әзірлеу үшін тұзсыз, 100% табиғи мүкжидек шырыны жеткілікті.

Әзірленуі: 250 гр мүкжидек шырынын 140-170 гр сумен араластырамыз. Сусынды күнде ішеміз.

9. Қара кофе

Кофені кеңседе жұмыс істейтін адамдар көп ішеді. Оны диеталық сусынға айналдырғыңыз келсе, сүтсіз және қантсыз ішіп көріңіз.

10. Суық су

Мұзды су калорияны сіз ойлағаннан да жылдам күйдіреді. Бұл үнемі мұздай су ішу керек деген сөз емес. Бар болғаны салқын су ішуіңізге болады.

Ал сіз диета ұстаған кезде қандай сусын ішетініңізге мән бересіз бе? Жоғарыдағы сусындардың қайсысын көбірек ішесіз?

Қ. Бүйенбай