- Негізгі бет
- Аспаздық
- Денсаулыққа пайдалы диета...
Денсаулыққа пайдалы диета - 8
Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.
№8 диета арықтауға арналған диеталар көмектеспеген кезде тағайындалады. Яғни денедегі салмақтан көп күш жұмсамай арылуға көмектеседі. Сұйықтықты көп ішуге, тұзды көп мөлшерде тұтынуға тыйым салынады. Тағамның калориясы 1620 – 1870 ккал-дан аспағаны жөн. Тағамдардың дайындалу температурасы әдеттегідей.
№8 диетаны ұстаған кезде айран, алма, көкөніс сынды тағамдарды ғана жеуге тура келетін арнайы күндер болады. Олардың калориясының мөлшері 600-1000 ккал-дан аспағаны жөн.
Семіздіктің 4-5 деңгейінде тағамдардың калориясы 1 200 ккал-ға жететін диеталар тағайындайды.
Тамақтану тәртібі:
- күніне 100-150 г қара бидай наны (жоғарғы және бірінші сорттағы ұннан жасалған тағамдарды жеуге тыйым салынады);
- жарма мен картоп қосылған сорпа;
- аптасына 2-3 рет майсыз еттен, балық сорпасына көкөніс қосылып жасалған сорпа ішу;
- 150 г майсыз ет;
- 150-200 г майсыз балық;
- майлылығы төмен сүт;
- күніне пісірілген 1-2 жұмыртқа, омлет;
- арпа мен қара бидайдан әзірленген ботқа.
- пісірілген, бұқтырылған көкөністер;
- компот, жеміс-жидек;
- ксилит, сорбит;
- томаттан, көкөністен, сірке қышқылынан жасалған тұздықтар;
- шай, кофе, сүт, қантсыз жеміс және көкөніс шырыны;
Қандай тағамдарды жеуге тыйым салынады?
- какао, жүзім және кез келген тәтті шырын;
- сары май, өсімдік майы;
- сүт, картоп пен макарон қосылған сорпа ішуге тыйым салынады;
- кептірілген шұжық, ет, шошқа еті, консервіленген ет;
- консервідегі, кептірілген, тұздалған балық жеуге тыйым салынады;
- қуырылған жұмыртқа;
- картоп, қызылша, бұрыш, сәбіз, тұздалған, маринадталған көкөніс;
- барлық тәтті, құрамында қанты көп жемістер;
- қант, бал, тосап, балмұздақ;
- ащы, майлы тұздықтар, майонез.
Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасы, арықтауға арналған мұз диетасы, арықтауға арналған жұмыртқа диетасы, арықтауға арналған қант диетасы, арықтауға арналған құлпынай диетасы, арықтауға көмектесетін диета, жігіттерге арналған диета, тез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.
Қ. Бүйенбай