Студент ас үйі: Қуырылған орамжапырақ

Студент ас үйі: Қуырылған орамжапырақ
Фото: multivarenie.ru

Студенттер үшін арнайы немістер тәсілінде «қуырылған орамжапырақ» мәзірін ұсынамыз. Бұл асты әзірлеуге шамамен 15 минут уақытыңыз кетеді. Құрамына да көп азық-түлік қажет емес:

Шұжықша (сосиска) — 3-4 дана (немесе бұқтырылған сиыр етін қолдансаңыз да болады (тушенка)

Орамжапырақ (кочан) — 1 дана

Жуа — 1 дана

Томат пастасы — 2 ас қасық

Су — 1 стақан

Өсімдік майы — 2 ас қасық

Тұз

Өсімдік майын табада қыздырып, үстіне майдалап туралған жуа саламыз. Оны қызарғанша қуырамыз.

Шұжықты не бұқтырылған етті майда бөліктерге бөліп, жуаның үстіне саламыз.

Қырыққабатты майдалап турап, табаға саламыз.

Үстіне томат пастасын салып, тұз сеуіп, су құямыз.

Орташа отта 15 минутта дайын болады. Тәбет ашатын түр сыйлау үшін әдемі пішінге келтіреміз: шұңғыл ыдысқа салып, тәрелкеге қайта төңкереміз.

Асыңыз дәмді болсын!

@. @assel_assanova