Құлпынай балмұздағының жасалу әдісі

Құлпынай балмұздағының жасалу әдісі
Фото: liveinternet.ru

Жаздың аптап ыстығында балмұздақты аңсайтынымыз анық. Дүкеннен оның көп түрін табуға болады. Алайда оны неге қолдан жасап көрмеске? Үй жағдайында дайындалатын балмұздақтың құрамында адам денсаулығына кері әсерін тигізетін химиялық қоспалар болмайды әрі дәмі де тіл үйіреді. Сол себепті назарларыңызға құлпынай балмұздағының жасалу әдісін ұсынамыз.

Қажет азық-түліктер:

- 200 г құлпынай;

- 1 стақан табиғи йогурт;

- 6 ас қасық қант;

- жарты лимонның шырыны;

- даршын қажет.

Дайындалуы:

1. Барлығын блендердің көмегімен үгітеміз.

2. Үгітілген тағамдарды ыдысқа салып, тоңазытқышқа 2 сағатқа салып қоямыз.

3. Арада екі сағат өткен соң балмұздақтың шеткі және ортаңғы бөліктері қатуы тиіс.

4. Тағамды 2 сағаттан соң тоңазытқыштан алып, тағы да блендердің көмегімен үгітеміз.

5. Қайтадан ыдысқа құйып, тоңазытқышқа 2 сағатқа салып қоямыз. Осымен балмұздағымыз дайын!

Қ. Бүйенбай