- Негізгі бет
- Аспаздық
- Тез әрі оңай...
Тез әрі оңай жасалатын түскі ас
Көптеген адамдар кесіліп, қуырылған нан жасап жеуді ұнатады. Себебі ол әрі жеңіл әрі тез жасалатын тағамның бірі.
Оны дайындау үшін бізге:
- 3 тілім нан;
- 1 жұмыртқа;
- 2 ас қасық сүт;
- жарты қызанақ;
- 3 ас қасық үгітілген сыр;
- аскөк;
- тұз, бұрыш;
- өсімдік майы керек болады.
Дайындау жолы:
Жұмыртқаны сүтпен, аскөкпен араластырып, аз ғана тұз, бұрыш себіңіз. Қоспаны шанышқымен араластырып, көпіршіту керек.
Нанды кесіп, жұмыртқа қоспасына салып, әбден сіңгенінше күтіңіз. Әзірше табаға май құйып, отқа қойып, қыздыра беріңіз.
Нанды екі жағынан қуырып алыңыз. Дайын нанның үстіне қызанақты жұқалау етіп кесіп қойыңыз. Тұздап, үстінен үгітілген сырды себіңіз. Пешкеа қойып, сырдың еріп, нанның қызаруына дейін ұстаңыз.
Ас болсын!
Ұқсас жазбалар:
Классикалық асқабақ бәлішін дайындау
Ф. Абилова