Мәзір: Пісіру пешіндегі картоп

Мәзір: Пісіру пешіндегі картоп

Қарапайым картопты қуырып жеуден жалықтыңыз ба? Ендеше мына мәзірді жасап көріңіз. Суға піскен картопты пісіру пешіне дәмдеуіштер қосып пісірсеңіз, картоп ерекше дәмді болып піседі.

Құрамы:

  • картоп - 8-9 дана;
  • сұйық май;
  • тұз;
  • бұрыш;
  • қалауыңыз бойынша дәмдеуіштер.
Картопты тазалап, жуамыз. Жас, майда картопты алған жөн. Үлкен бөліктерге бөлеміз.
Қайнап тұрған суға тұз қосып, картопты 5-7 мин пісіреміз. 
Картоп кішкене шикі болып шығу керек.
Піскен картопқа май, тұз, бұрыш және дәмдеуіштер қосамыз.
Пісіру пешінде 180 градусқа жарты сағат шамасына қоямыз.
 Картоп дайын! Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова